Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет3/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
 
Қатысушының аты – жөні: Асхат Жұлдызай Азатқызы 
Жетекшінің аты – жөні: Қазиева Гүлшат Əділханқызы 
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Маржанбұлақ орта мектебі
6 сынып оқушысы 
Тəуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. Тəуелсіздік – халықтың, елдің 
тойы. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден 
өтіп, тəуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, еліміз, Қазақстан туралы 
айтарымыз да, мақтанарымыз да көп. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, 
талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен 
қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куəгері болған қасиетті Отанымыз – 
Қазақстан! Тəуелсіздік – ұлттың, тілдің, дəстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, 
алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тəуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, 
сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 
Қазіргі таңда Тəуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі – ең алдымен 
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті 
нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап 
беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, 
отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, əрі қарай жастардың патриоттық 
сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тəуелсіздігімізді жариялағаннан 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 6 - 
бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен 
қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы 
Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нəтижесі. «Таласқа түссе 
жан мен ту, жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені», – деген өлең жолдары батыр 
бабаларымыздың жасаған ерліктеріне дəйек болары сөзсіз. 
Қорытындылай келе, менің түсінігіммен тəуелсіздік ұғымы осы айтылған 
құндылықтармен өлшенеді. Тəуелсіздік ол – мəңгі бақыт, таусылмас жыр-дастан, өшпес 
тарих. Ал оның тұғыры мəңгі берік болып жалғасуы бізге байланысты. Атадан балаға 
тараған құнды сыйды сақтап, оны əрі қарай жалғастыру – бізге берілген парыз, сондай-ақ 
асыл мұра. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет