«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 11 -
Қазіргі таңда Тəуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің,
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тəуелсіздігі –
ең алдымен
халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті
нығайту, ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап
беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз
өткеннен қалған тарихи өнегені,
отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, əрі
қарай жастардың патриоттық
сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Тəуелсіздігімізді жариялағаннан
бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат
байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін
ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып,
жаңа биіктерде
ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: