еститін білім алушыларының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне
талдау жасалған. Мұнда студенттік шақ жеке тұлғаның ең қарқынды
психологиялық және әлеуметтік қалыптасу
кезеңі ретінде қарастырылып,
нашар еститін білім алушылардың табысты оқу және кәсіби қалыптасу
шарттары қамтылған.
«Жоғары оқу орындары мен колледждерде ерекше білім беруді
қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеудің
тәжірибелік-эксперименттік жұмысы» атты екінші бөлімінде зерттеу
бағдарламасы құрастырылып эмпирикалық және экспериментік тұрғыдан
ізденістер жүргізілген. Жоғары оқу орындары мен колледждердің нашар
еститін білім алушыларының эмоциялық жағдайы кезеңдік эксперименттік
зерттеу бағдарламасы негізінде білім алушының өзінің белсенділігі мен
дайындығына, арнайы мақсатты күш-жігеріне
байланысты екендігі
анықталды. Мұнда эмоциялық жағдайдың танымдық, когнитивтік,
психофизиологиялық компоненттерінің көрсеткіштеріне статистикалық өңдеу
жұмыстары жүргізіліп, зерттеудің ғылыми болжамдарын толық дәлеледеген.
Сонымен қатар статистикалық өңдеуден алынған
көрсеткіштер бойынша
тұжырымдарды анықтап жазған.
Достарыңызбен бөлісу: