6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата24.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501815
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу көздері: ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың 
құқықтарын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар; философтардың, 
әлеуметтанушылардың еңбектері, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім 
алушылардың эмоцияларын зерттеу бойынша психологиялық-педагогикалық 
еңбектер, инклюзивті білім беру саласындағы отандық және шетелдік 
ғалымдардың зерттеулері, зерттеу тақырыбына байланысты жарияланған 
халықаралық, 
республикалық 
конференциялардың 
материалдары 
пайдаланылды.
Зерттеу әдістері:
Зерттеудің мақсатына жету үшін, қойылған міндеттерді жүзеге асыру 
үшін және бастапқы теориялық ережелерді тексеру үшін мынадай зерттеу 
әдістері қолданылды:


– теориялық әдістер: зерттеу мәселесі бойынша философиялық
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, сондай-ақ зерттелетін мәселе 
бойынша диссертациялық зерттеулерді теориялық талдау; 
– эмпирикалық әдістер: сауалнама, байқау, психологиялық әдістер: «А. 
Вессман және Д. Рикстің эмоциялық жағдайды өзінің бағалауы»; «Т.И. 
Ильинаның ЖОО-да оқуға деген ынтаны зерттеу әдістемесі»; «К. Изардтың 
дифференциалды эмоциялар шкаласы (ДЭШ)»; «Т. Лиридің тұлғааралық 
қарым-қатынас тесті», «Бейімділік», «Люшердің түстік тесті», «ӨБК 
сауалнамасы: өзін-өзі сезіну, белсенділік, көңіл-күй В.А. Доскин, Н.А. 
Лаврентьева, В.Б. Шарай, М.П. Мирошников»; 
– қалыптастырушы әдістер: ЖОО мен колледждердің нашар еститін 
білім алушыларының эмоциялық жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз 
ету бойынша бағдарламаны әзірлеу және енгізу, тренингтерді, рөлдік 
ойындарды пайдалану, проблемалық жағдайларды шешу міндеттері; 
– статистикалық әдістер: эксперимент нәтижелеріне сапалық және 
сандық талдау әдістері. 
Зерттеу базасы: Зерттеулер І. Жансүгіров атындағы Жетісу 
университетінің (ЖУ), Талдықорған
жоғары медициналық колледжінің, 
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің, (Талдықорған қаласы); 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Қаратау тау-кен 
технологиялық колледжі (Қаратау қаласы); М.Х. Дулати атындағы Тараз 
өңірлік университетінің (ТУ, Тараз қаласы) базасында жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет