Алдашева камар сагингалиевна


Лингвомәдени қҧзыреттілік



Pdf көрінісі
бет99/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Лингвомәдени қҧзыреттілік 
компоненттері 
Экспериментке 
дейінгі кезең 
Экспериментте
н кейінгі кезең 
Жағдаяттың мақсаты мен шартына 
қарай жаңа сөздерді сауатты қолдана 
алады 
28% 
63% 
Əдеби 
тіл 
айналымына 
жаңа 
сөздердің ену сатыларын талдай 
алады 
15% 
78% 
Қатысымның барлық түрлерінде жаңа 
сөздерді дұрыс жұмсай біледі 
18% 
61% 
Сөздік қорын жаңа сөздер арқылы 
байытады 
12% 
58% 
24%
26%
28%
31%
74%
70%
69%
80%
Есте сақтау дағдысы
Дұрыс қолдану 
дағдысы
Мағынасын түсіну 
дағдысы
Əлеуметтік-
қолданыстық 
маңызын ажырату …
Бақылау тобы
Эксперименттік топ


181 
10-кестенің жалғасы
Жаңа 
сөздерді 
əлеуметтік-
қолданыстық 
маңызына 
сай 
қатыстыра отырып, мəтін құрай 
алады 
23% 
79% 
Жаңа сөздердің қалыптануы мен 
нормалану 
үдерістерінің 
тіл 
жүйесіндегі маңыздылығына саналы 
көзқарас танытады 
35% 
92% 
Ұсынылған таңдау пəнінің тиімділігін осы сапалық көрсеткіштер арқылы 
дəйектеуге болады, атап айтқанда қалыптастырушы эксперименттің тиімділігін 
дəлелдеу мақсаты көзделген қорытынды эксперименттік нəтижелері бойынша 
оқушылардың лингвомəдени құзыреттіліктерін құрайтын негізгі дағдылардың 
одан əрі дамығандығы анықталды. Соның ішінде жағдаяттың мақсаты мен 
шартына қарай жаңа сөздерді сауатты қолдана алуы, əдеби тіл айналымына 
жаңа сөздердің ену сатыларын талдай алуы, қатысымның барлық түрлерінде 
жаңа сөздерді дұрыс жұмсай білуі, сөздік қорын жаңа сөздер арқылы байытуы, 
жаңа сөздерді əлеуметтік-қолданыстық маңызына сай қатыстыра отырып, мəтін 
құрай алуы, жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерінің тіл 
жүйесіндегі маңыздылығына саналы көзқарас танытуы сапалық жағынан 
айтарлықтай жоғарылаған. Бұл аталғандар жаңа сөздерді жалпы орта білім беру 
жүйесінде меңгертумен байланысты түйткілді мəселелердің барлығын, оны 
шешу мақсатында ұсынылған əдістемелік жүйенің тиімділігін айқын дəлелдейді 
жəне зерттеу нысанының айрықша маңыздылығын танытады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда атап өткеніміздей, оқушылардың жаңа 
сөздерді меңгеру дəрежесін анықтау үшін құрылған сауалнаманың 
құрылымындағы танып-түсіну жəне тезаурустық білім модельдері арнайы 
тапсырмаларды қамтыды. Бұл тапсырмалар анықтау кезеңінде жəне 
тəжірибелік оқытудан кейінгі қорытынды кезеңде əртүрлі мазмұнда 
респонденттерге ұсынылып, əр кезеңнің сандық жəне сапалық көрсеткіштері 
шығарылып, 
тұжырымдалды. 
Сондай-ақ 
қалыптастырушы 
кезеңде 
пайдаланылған əдіс-тəсілдердің, тапсырмалар мен жаттығулар кешенінің 
тиімділігін дəлелдеу мақсатында жаңа сөздерді меңгерумен байланысты 
дағдыларды анықтау үшін берілген ауызша тапсырмалардың қорытындысы 
«Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» деп аталатын 
таңдау пəнінің оқыту үдерісіндегі оң нəтижесін танытып отыр. Алдынала 
белгіленген эксперименттің мақсатына сəйкес болжанған нəтижелерге қол 
жеткізілді. Алынған қорытындылар мен жасалған тұжырымдар жаңа сөздерді 
меңгертудің білім беру жүйесіндегі теориялық жəне практикалық жағынан 
өзектілігін дəйектейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет