Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ



Pdf көрінісі
бет8/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   175
Қозоқ тили практикуми

16-жаттығу. Көп нүктенің орнына һ немесе х, қ әріптерінің тиістісін қойып 
көшіріңдер. 
Айда..ар, қа..арман, гау..ар, у...леді, жи...аз, ша...ар, жа...аннам, о...о, 
ба...адүр, жа...ұт, жи...ангер, жер-жа...ан, мо...-мо..., у..., жау....ар, ба...ар, са...ара, 
а...лау. 
17-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып төмендегі тест сұрақтарына 
жауап беріңдер және мәтіннен қатаң, ұяң, үнді дауыссыздан басталған сөздерді 
кестеге салыңдар.
Ана тілі - бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз 
кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналадағы 
ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға 
біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-


13 
журналдан, радио-теледидар мен кинотеатрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле 
береміз. Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас 
құралымыз.
Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік 
істері, аңыз-ертегілері, шығарған өлең-жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен 
қоғам құбылыстары атаулары, көрген-білген жалпы дүние жайындағы 
ұғымдары, ойы, сезімі - бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы 
атадан балаға ауысып отырады.
Тіл - бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр 
халықтың жазуы жоқта кітапбы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз 
ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана 
тілінде жазып қалдырады. Ана тілін аңыздарын, өлең-жыр, дастандарын, мақал-
мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштарын – естіп, тыңдап, теріп, көп оқудың керек, 
халықтың өзінен, ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үйренуің 
керек. 
(«Ол не? Бұл кім?» кітабынан) 
1. Сөйлемді толықтыр. ... – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның 
тілі.
а) туған тілің ә) ана тілі б) қазақ тілі в) өз тілің
2. Ана тілін бойымызға сіңіру жолдарының бірі
а) БАҚ құралдары ә) адамның дене мүшелері б) сезім мүшелері в) демалыс 
орындары
3. Сөйлемді толықтыр. Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын 
негізгі ... құралымыз А) байланыс ә) қатынас б) сөйленіс в) тілдесім 
Қатаң 
Ұяң 
Үнді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет