Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ


-жаттығу. Сөйлемдерді буынға бөліп әрі буын түрлеріне ажыратып  жазыңыз.  «БҮРКІТШІ» ӘҢГІМЕСІ



Pdf көрінісі
бет11/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   175
Қозоқ тили практикуми

22-жаттығу. Сөйлемдерді буынға бөліп әрі буын түрлеріне ажыратып 
жазыңыз. 
«БҮРКІТШІ» ӘҢГІМЕСІ 
Екі аңшы келе жатқан бөктер шымы тұтас бөтегелі төскей болатын. 
Бекбол байқап келеді. Түн. Бұлтты түн болып өтседе жауын жаумаған екен. 
Шөп басында тіпті шықта жоқ. Тықырлау алаңмен тастақ жерді басқанда 
аттарының тұяғынан шаңда шығады. Кәрі аңшы екі рет оң жағына қадалып
«Сарымсақты» жаққа көз жіберіп, содан сыр айналып, арт жағына қалып бара 
жатқан «Керегетастың» да өздерінен мәлім бөктерімен сайларын шолып өтті. 
Әлі айналады шаңытпа, тұманба әйтеуір көкшіл бұалтыр бар. Шөбі сарғайған 
дала жоталары да жым-жырт болған биік сергек тастақта бадырайып көрінгені 
мен бірыңғай көкшіл қоңырқай тартып тұр. 
М.Әуезов 
23-жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жазыңдар. 
БІР УЫС МАҚТА 
Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына 
отырып, ақыл айтты: 
— Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да 
керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, — деп. Сол сөздi айтып отырғанда, 
қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, 
далаға тастады: 
— Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, — деп. 
Шешесi: 
— Балам, сол да жерде қалмайды, — дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден 
қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп 


17 
қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен: 
— Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? — 
деп сұрады. Әжесi айтты: 
— Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол 
кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, — 
дедi. 
Ыбырай Алтынсарин 
 
24-жаттығу. Өлеңді жаттап ал. Ашық және бітеу буынды сөздерді тауып
астын сыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет