Ақынова жібек мұхтарқызы


Диссертация зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен мақұлдануы және



Pdf көрінісі
бет12/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
19042023 disser

Диссертация зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен мақұлдануы және 
тәжірибелерге ендірілуі отандық, шетел тарихи педагогикалық және 
психологиялық, педагогикалық жұмыстардағы теориялық және әдіснамалық 
бағыттағы 
қағидаларды 
маңыздылыққа 
алуымен, 
тұжырымдамаларға 
негізделуімен, зерттеу мақсаттарына сай келетін теориялық және эмпирикалық 
әдіс-тәсілдер 
қолдануымен, 
сондай-ақ 
тапқан 
нәтижелерді 
тың 
қорытындылаумен қамтамасыз етілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЕРТЕГІ 
ТЕРАПИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ 
БАЛАЛАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК 
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
1.1 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін субъект-субъектілік 
қарым-қатынас негізінде балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипатамасы 
Ғылыми әдебиеттегі субъект-cубъект негізінде бала мен педагог-
тәрбиешінің өзара қарым-қатынасы негізінде дамуы философиялық түсінік
ретінде әрекет етеді. Бұл тұрғыда Аристотель, Декарт, Кант, Гегель субъект 
категориясын философиялық тұрғыда қарастырады, бұл ұғымның онтология 
ғылымында негізгі орыны бар екені белгілі, сонымен қатар бұл жайындағы 
психологиялық зерттеулер яғни субъективтік бағыт С.Л.Рубинштейннің [78] 
және А.В.Брушлинскийдің еңбектерінен бастау алады. Ол субъектті – саналы 
түрдегі әрекеттенуші, өзіндік саналы сезімдері болады, «дүниелерді саналы
түсініп, өзгертуші мәндегі тіршіліктің иегері етіп ұғыну, іс-әрекет үдрісінде 
әрекеттенуші болатын субьектілер ретінде – практикалық, теоретикалық, 
сонымен қатар түсінудің субъектілері болып көрінеді», – дейді С.Рубинштейн 
[78,с. 217].
Бұл С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде, кейінірек оның ізбасарлары 
А.В.Брушлинскийдің, К.А.Абулханова-Славскаяның [79] еңбектер қатарында 
адам психикасының белсенді түрде зерттеу жұмыстарының аздығы көрсетілген. 
Адамның іс-әрекеттерінің ішкі тұрғыдағы детерминациясының аса маңызды 
болатындығы, оның ішінде субъективтілігі де атап көрсетіледі. С.Рубинштейн 
«Адам – әлем» атты еңбегінде адамдардың әлемде ғұмыр кешу тәсілдері, 
олардың болмыстары тек қана субъект және объектілердің әрекеттесуі 
нәтижесінде ашылуы бек мүмкін болады деген де пікірін тұжырымдаған 
болатын. 
Субъект-cубъект атты категория философия ғылымындағы орта жүйедегі 
категориялардың бірегейі. Ол жерде адамды болмыс ұғымының бір көрінісі 
ретінде көрсетеді, сондай-ақ трансформацияның объектілері мен субъектілері де 
әрекетін жасайды. В.И.Слободчиков [80] пен А.Бердяевтар [81] адам баласын 
ақиқатты біле алатын еркін де белсенді субъект ретінде қарастырады. Философ 
ғалымдар субъектлердің шығармашылықтағы рөлін, теориялық тұрғыдағы 
алғышарттарының эмпирикалы материалдарға белсенділікті әсерлерін атап 
көрсетіп, адам баласының табиғаттағы күштеріне үстемдігін, техникалы 
жаңалықтар мен құралдарын ашуда және ойластырып табуда, табиғатты тану 
мен жетілдіруде түпкілікті міндеттерді көрді. 
В.Слободчиковтың онтогенез теориясы субъектілер болмысының даму 
концепциясында мінез-құлық пен психиканың субъекті ретінде дамуының бес 
түрлі кезеңдері анықталған болатын; «өзіндегі ерекшелік» қауымдастығынан 
шығудың қандай болып жүзеге асатыны және де индивидуализацияларға қолын 
жеткізетіні, шынайы бір субъективтіліктерге көшуі қандай жолмен болатыны 
көрсетілген. 


18 
3.И.Рябикина субъект қоршаған ортамен қарым-қатынастың белсенді 
ұйымдастырушысы және болмыстың негізгі құрамдас бөлігі ретінде 
қарастырылады. Адам жеке тұлғаның бір бөлігі ретінде "өз" ретінде өмір сүретін 
болмыс кеңістігінің авторы ретінде әрекет етеді [82].
Аталған көзқарастар мен идеялар адамның болмысын түсінуге және жеке 
тұлғаны қарастыруға жаңа субъективті - орталық көзқарас құру кезінде ескерілді. 
С.К.Нартова-Бочавер [83] ұсынған субъектілік-орталық көзқарас әдіснамалық 
тұрғыдан А.В.Брушлинский мектебінде дамыған субъектілік тәсілден бастау 
алады және оны жалғастырады [84]. Субъект-орталық көзқарастың тағы бір көзі 
- қоршаған орта теориялары, атап айтқанда И.Альтман [85] мен және М. Вольфе 
[86] құпиялылық теорияларын ұсынды. 
Л.С.Выготскийдің 
психикалық 
дамуының 
мәдени-тарихи 
тұжырымдамасында "сыртқы психологиялық қасиеттер" туралы ой айтылады. 
Субъект объективті шындықтың маңызды рөлін ескере отырып, қоғамдық 
тәжірибені интериоризациялаудың нәтижесі ретінде қарастырылады [42,с. 1136]. 
Д.В.Ольшанский «психологиялық өмір салты» немесе «өмірдің субъективті 
кеңістігі» терминдерін қолданады [87]. «Тұлғаның психологиялық кеңістігі»
терминін Н.Б.Шкопоров субъект пен ортаның өзара ену мәселесін талдай 
отырып қолданды [88]. В.И.Слободчиков «бірлесіп өмір сүруді», ішкі 
тыныштықты және субъективтілікті қарастырады [89]. Психологиялық жүйелер 
теориясында В.Е.Клочконың пікірінше [90], адам күрделі, өзін-өзі 
ұйымдастыратын, күрделі ашық жүйе ретінде анықталады. Адамның дамуы 
дегеніміз-белгілі бір тәртіппен адамның "жаңа өлшемдерінің, көп өлшемді 
әлемнің координаттарының" қалыптасуы: пәндік сана деңгейі, семантикалық 
сана деңгейі, құндылық сана деңгейі ретінде түсіндіріледі. 
А.Л.Журавлевтің, А.Б.Купрейченконың еңбектерінде басты назар адамның 
әлеуметтік-психологиялық кеңістігінің феноменіне аударылады [91]. Авторлар 
психологиялық кеңістікті (жеке өмір кеңістігіне қысқартылмайтын) кеңінен 
түсіну қажеттілігін атап көрсетеді. Олар зерттелетін субъектінің әртүрлі 
байланыстары мен қатынастарын, оның ішінде оның жалпы өміріне айтарлықтай 
әсер ететін әртүрлі маңызды объектілермен («жақын» және «алыс», 
«немқұрайлы», «бөтен» және «қабылданбаған» және т.б.) байланыстарын 
бақылау маңызды деп санайды. 
Қалыптасқан ғылыми тәсілдерді талдау тұлғаның психологиялық кеңістігі 
тақырыбына айтарлықтай қызығушылық бар екенін көрсетті. Алайда, осы 
уақытқа дейін бұл құбылыс, оның құрылымы мен мазмұны қызу пікірталас 
тақырыбы болып табылды. Айтып өткен көзқарастар мен идеялар адам 
баласының болмыстарын түсініп, тұлғаларды жаңадан қарастырып, жаңалықты 
субъективті болатын орталық бағытта көзқарастар құру сәтінде ескерілді [92]. 
Кейінгі уақытта тұлғалардың субъективті зерттеулері психология 
ғылымында басымдыққа ие болуда. Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін 
даярлау, субъектіні түсіну, адамның адам ретінде өзіне деген көзқарасын, 
адамның жеке басына тәуелсіз, белсенді, қабілетті, өмірдегі өзгеше адам 
формаларымен қатар, ең бірінші пәндік және практикалық қызметтерді жүзеге 


19 
асыру кезінде шеберлік қасиеттерін беруімен байланысты [93]. Қазір ғылым 
тұрғысынан адамдарның субъективтілігі барша өмір проекцияларына енеді, жеке 
болатын және әмбебапты түрлерде көрініс табады. Н.Слободчиков пікірінде, 
субъективтілік тұлғаның ішкі әлемінде өз мәнін білдіре алатын психологиялық 
категория [89,с. 74]. 
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың субъекттік қасиеттері мен 
сапаларын қалыптастыруды ерте жастан, баланы өзара әрекеттестіктің тең 
құқылы қатысушысы ретінде қабылдап, оның мүддесі мен сұраныстарын ескере 
отырып, әрекеті мен қылықтарын объективті түрде бағалау арқылы, оның 
белсенділігін арттыруға психологиялық тұрғыдан мейлінше көңіл бөлген дұрыс 
[94]. 
Ал педагогикалық тұрғыдан қарағанда, субъект-субъектілік қарым-қатынас 
– тәрбиеленушілердің мәселені көруі, білу қабілеттерін дамытуға ұмтылысы
олардың сұрақ қою біліктерін жетілдіруі, әртүрлі заттар мен құбылыстардың 
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтауға үйретуді көздеуі 
тиіс [95] Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы міндеттер — жаңа 
мазмұнда ұйымдастырылатын педагог пен бала арасындағы субъект-субъектілік
жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады. «Субъект» 
құбылыстардың әдіснамалық аспектілерін ашу ең алғаш философиялық білім 
аясында жүзеге асты. Педагогикалық теорияда бұл ұғымдардың пайда болуы 20 
ғасырдың жетпісінші жылдарымен байланысты. Бүгінгі таңда адам-субъектінің 
өсуінің әртүрлі жас кезеңдерінде, оның даму проблемалары, мектепке дейінгі 
ұйымда және семьяда баланың субъективтік қасиеттерін қалыптастырудың 
мазмұнын, шарттарын, технологияларын іздестіру педагогиканың аса маңызды 
міндетіне айналды. Бұл проблемаларды теория мен практикада бірге олардың 
арасындағы қарама-қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Педагог пен балалар зерттеудің субъект - субъектілік қатынас бағытында 
әртүрлі іс-әрекет түрінде көрінеді. Субъектаралық ықпалдастық мүмкіндіктерін 
Р.С.Буре [96], В.И.Логинова [97], Г.И.Щукина [98] және т.б. өз еңбектерінде 
қарастырды. 
Педагогикалық ғылымда бұл бағыттың пайда болуы қоғамның белсенді, 
тұлғалық-жауапкершілігі бар адамдарға деген объективті сұранысы мен білім 
беру мекемелерінде оларды дайындау жүйесінің жасалмағандығының 
арасындағы қайшылықтан туады. Бұл қайшылықтар проблеманың екі жағын 
нұсқайды. Бірінші жағы – бұл білім беру саласында тиісті технологияларды 
іздестіру, екінші жағынан – білім берудің әрбір сатысында мұндай тұлғаны 
тәрбиелеуге дайын педагогтарды даярлау. Педагогикалық процестің бұл қатынас 
типін схема түрінде былай көрсетуге болады: Sb  Sb. 
«Субъект» ұғымының мазмұнын қарастыру және оны талдау адам-
субъектінің негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. В.В.Горшкованың 
құралында субъектінің белгілері 1-суретте көрсетіледі: [99,100]. 


20 
Сурет 1 – В.В.Горшкова бойынша субъект белгілері 
Жоғарыда көрсетілген В.В.Горшкованың қорытынысына сүйеніп, осы 
белгілерге сипаттама беріп өтсек. Белсенділік - жеке тұлғаның ісіндегі өзін-өзі 
басқара алатындай себептермен мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасайтын 
қасиеттерінің жинағы; жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәсілдерді кең түрде 
қолдана білу және оларға қонымды түзетулер енгізу; жаңа міндеттер қоюға 
ынталы және сыни тұрғыдан қарау; іс-әрекет нәтижелерін шығармашылықпен 
және көпнұсқалы түрде болжамдай білу. Белсенділік - субъектінің қажетті, бірақ 
жеткіліксіз белгісі. Белсенділіктің саналы белгісі субъектіні объектіден 
ажыратады. Саналылық өз ісінің мақсаттарын, себептерін, әдіс-тәсілдерін 
өздігінен талдап талқылағанда көрінеді.
Субъектінің қажетті белгісі жеке және әлеуметтік жауапкершілікпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет