Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
19042023 disser

Ертегіні тыңдау және талдау (түсіндіру). Мақсаты әрбір ертегі оқиғасы, 
сөйлемі, жаңа кейіпкердің пайда болуы, сюжет құрылымының түсіндірмесін 
ұғыну.
Әр ертегінің артында не тұрғанын түсіну, түсіндіру жағдайы, фраза, жаңа 
кейіпкерлердің пайда болуы, сюжеттің құрылысы. 
Ертегіні топпен айту. Бұл жағдайда ертегіні айту – балалардың өздеріне 
міндеттеледі. Бүкіл топқа белгілі ертегілерді айту басты мақсат болып табылады. 
Әр қатысушы өз кезегінде ертегінің кішкене бөлігін айтады.
Топпен ертегіні айту барысында педагог-тәрбиеші бірнеше шартты ұстану 
қажет. Балаларды дөңгелене отырғызып және кезегімен ертегіні айтқызу. 
Ертегіні тәрбиешінің сол жағындағы баладан бастап және ертегіні аяқтағанда 
тәрбиешінің оң жағындағы бала аяқтау керек. Бір шеңберде ертегі аяқталуы 
керек. Егер балалар бір шеңберде ертегі аяқталмаса, онда ертегіні соңғы 


68 
қатысушыға дейін жалғастыру міндеттеледі, яғни ертегіні екінші шеңберде 
аяқтауға болады. Мұндай шарт топтық динамиканы қамтамасыз етеді, 
ұйымшылдықты дамытады және ұжымшылдық сезімін қалыптастырады 
сонымен қатар топтағы коммуникативтік дағдылары, қарым-қатынастары 
жақсартады. 
Бұл әдіс сабақта қалай көрінетініне мысал келтірейік: барлық қатысушылар 
шеңберге отырады. Бастаған адам бірінші сөйлемді айтады, мысалы: «ерте, ерте, 
ертеде, белгілі бір мемлекетте...», топтың келесі мүшесі бір немесе екі сөйлем 
арқылы ертегіні жалғастырады (алдыңғы қатысушының мәтіні қайталанбайды) 
және т.б. Топта айтылған ертегі үш шеңберден аспағаны жөн (яғни әр қатысушы 
әңгімеші ретінде үш реттен көп емес) және оның соңы болған жөн. Сонымен 
қатар егер қатысушылардың бірі (ертегіні айтуды жалғастыру кезегі келген 
болса) ертегіні жалғастыра алмаса (беске дейін санап), онда ол ертегі айтушылар 
шеңберінен шығады. Осылайша қатысушылар арасында бұл тапсырмада нағыз 
ертегі айта алатын мықтылар қалады. Бұл шарт алдымен балаларды шеңберден 
шықпауға ынталандырады, яғни. шеңберде соңына дейін қалу. 
Тәрбиеші жаттығу кезінде қатысушыларды бақылайды, ертегі сюжеттерінің 
өзіндік ерекшелігін, ертегіге кім, қалай өзгерістер енгізгенін, ертегіге 
антагонисттік ойды кім қосады, туындаған қиын жағдайлардан шығудың жолын 
кім табады. Бұл топты және оның қатысушыларын жеке-жеке диагностикалық 
тексеру үшін жақсы тапсырма. 
Таныс ертегіні баяндау және онын жалғасын ойлап табу. Белгілі ертегіні 
айту және оны жалғастыру. Бұл жаттығуда қатысушылар ертегіні 
әңгімелеушілер болып табылады. Топтық әңгімелеу сияқты шартыда солай 
сақталады. Ертегі айтылғаннан кейін, топ мүшелері оған жалғасын табады 
(әрқайсысы кішкене бөлікпен), ал соңғы баяндаушы ертегіні аяқтауы керек 
(әйтпесе, ертегі соңына жетпей-ақ шексіз жалғасуы мүмкін). 
Ертегіні топпен құру. Әлдекім бірінші сөйлемді айтып бастайды, мысалы: 
«кейбір патшалықта, кейбір мемлекетте...». Топтағы келесі қатысушы айтылған 
сөзге бір-екі сөз қосып ары қарай жалғастырады. 
Ертегіні барлығы құрастыра алады, тек кейбіреулерде бұл қабілет лезде 
пайда болады да, ал өзгелеріне оны психологиялық қолдау барысында ашу керек. 
Өз ертегілерін құратын авторлар бұл үдерісті келесідей түсінікпен тізбектейді: 
«басында ауыр, ал сосын қиындай түседі». Осылайша ертегіні құрастыру 
үдерісінде ішкі қарсылық және өз қабілеттерін алдын ала болжау бұрыннан 
айқын болды, ал адам оқиғаны оңай-ақ құрастыра алады.
Бұл қалай түсіндіріледі? Ертегіні жазу және құрастыру үдерісінде адам жеке 
өмірлік тәжірибесінің мәнін түсінеді және білім алу, тәрбиелеу, құрдастарымен 
қарым-қатынас, мәдениет және тағы басқа үдерісінде ие болған, әлем жайындағы 
білімімен оны байланыстырады. Ертегі ауыспалы мәнімен ерекшеленетіндіктен, 
адамда ертегіні жазу барысында бейсаналық құрылымдар іске қосылады және 
нәтижесінде біз адамның әлеуетті мүмкіндіктерімен, шығармашылық 
ресурстарымен байланысқа түсеміз. 


69 
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезіндегі ертегі
шығармашылық өнім ретінде, көптеген психикалық құрылымдар және 
үдерістердің өзара іс-әрекет нәтижесі болып табылады, онда ішкі қобалжулар 
мен сыртқы әсер бірігеді. Жас ерекшелігіне қатысты тоқталсақ, әрбір жас 
кезеңінің өзіне тән психологиялық ерекшеліктері бар екені белгілі және олар 
жеке дамуға, әлем, өзі жайында білімді жүйелеу мен ұғынуда қандай да бір 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген. Осы жерде ертегілік оқиғада 
балалардың жас ерекшелігі бойынша айырмашылық сипатқа ие. Мектеп жасына 
дейінгі балаларда оларға балабақшада, үйде оқып берілген аңыз, ертегілердің 
белгілі сюжеттерінен түсінік айтып беру бейімділігі байқалады. Балалар өмірдің 
қарапайым жағдайларын, өмірдің құндылықтары мен мінез-құлық үлгісін 
суреттей отырып бейнелейді, ертегіде сиқырлы сапа көрсетіп, оған ие болуға 
талпынатынын көрсетеді. Бұл ойдан шығарылған ертегі оқиғалары қысқа ғана. 
Олардың кейбіріреуінде бала ата-ана қарым-қатынасы, үрей, дербестікке 
талпыныс, адамгершілік категорияларын бейнелейді.
Ертегіні талдауда келесі параметрлерге жүгінеміз: 
- Адамның (кейіпкердің) бастапқы қалпы, жеке оқиғасы. Ертегі 
құрастырушы өзін кейіпкермен саластыруы немесе байланыстыруы. Мысалы: 
«Баяғыда бір кішкентай ауылда бір қыз болыпты....» немесе «Баяғыда әлдебір 
патшалықта бір патша өмір сүріпті......». 
- Өзіне деген қарым-қатынас. Мысалы: «Баяғыда бір патшайым болыпты, ол 
ақылды әрі сұлу екен...» 
- Әлемге қарым қатынасы. Мысалы: « Ертөстік деген батыр өмір сүріпті 
және оны барлығы жақсы көреді екен». 
- Кедергілерге қарым-қатынасы, олар қалай қарастырылады және жеңіп 
шығады. Мысалы: «... содан Ертөстік отты өзенді көреді де, көмекке өз достарын 
шақырады…». Бұл өзге өмірлік стратегия. «...Содан Ертөстік отты өзенді көреді 
де, оған өзінің етігін лақтырады, етік мұзға айналып кетеді...» және т.б. 
- Үміт, жетістік бейнесі, яғни ертегі кейіпкері қайда және не үшін бара 
жатыр: патшайым соңынан, бақыт соңынан және т.б. 
- Өзектелінген сезім – ертегінің жалпы реңі. Ертегi көңілді, мұңды, батыл, 
қайғылы және т.б.болуы мүмкін. 
«Ертегіні құрастыру» жаттығуы маңызды екі мағынаға ие: диагностикалық 
және терапевтикалық. Диагностикалық мәні, құрастырылған ертегі көмегімен 
психолог, педагог балалардың маңызды қажеттіліктерін анықтайды, ішкі 
әлемінің проблемалы аймағын анықтауға мүмкіндік тудырады, құрастырылған 
ертегі көмегімен психолог, педагог балалардың маңызды қажеттіліктерін 
анықтайды, өмірлік ұмтылысын түсінуге және анықтауға көмектеседі және оған 
жетудің сәйкес құрамын таңдауда болып табылады және сонымен бірге, ертегіні 
құрастыру тұлғаны үйлестіретін, жасырын қабілеттері мен мүмкіндіктерін 
ашатын, үрейден, жасқаншақтық пен сенімсіздіктен арылуға көмектесетін 
терапияның өзі болып табылады. Ертегіні ой елегінен өткізу және оларды 
талқылау кестесін ұсынамыз (кесте 4). 


70 
Кесте 4 – Ертегіні ой елегінен өткізу және оларды талқылау 
Екпін 
Ойлау бағыты 
Сұрақтар 
Түсіндіру 
Негізгі тақырып
Ертегінің негізгі 
идеясын түсіну, 
яғни ол арқылы 
біздің ата-
бабамыз бізге не 
бергісі келді, 
қандай тәжірибе 
және т.б.
Ертегі не жайында? 
Ертегі бізге не 
үйретеді? Ертегіден 
білгендеріміз біздің 
өмірімізге қандай 
жағдайда қажет 
болады? Бұл білімді 
өз өмірімізде қалай 
қолданамыз?
Негізгі тақырып арқылы 
бізге жалпы 
адамгершілік 
құндылықтар, мінез-
құлық стилі және 
қоршаған ортамен өзара 
қарым-қатынасы сияқты 
т.б. ортақ сұрақтарға 
жалпы жауап беріледі. 
Ертегі 
кейіпкерлерінің 
жолы. Әрекет 
мотивтері. 
Ертегінің ашық 
және жасырын 
мотивациясын 
түсіну.
Кейіпкер сол немесе 
басқада әрекеттерге 
не үшін барды? Ол 
маған не үшін керек 
болады? Шынында ол 
нені қалады? Неге бір 
кейіпкер екіншісіне 
қажет болды?
Кейіпкерлердің бір-
бірімен өзара 
байланысын немесе 
әрқайсысын жеке 
талқылап, ой елегінен 
өткізуге болады.
Еретегі 
кейіпкерлерінің 
жолы. 
Қиындықтарды 
жеңу әдісі.
Еретегі 
кейіпкерінің 
қиындықтарды 
жеңу тәсілінің 
«тізімін құру». 
Кейіпкер проблеманы 
қалай шешеді? Қандай 
тәсілді таңдайды: 
белсенді және енжар? 
Барлығын өзі шешіп, 
жеңеді ме, әлде 
жауапкершілікті 
өзгеге бере ме? Біздің 
өміріміздегі қандай 
жағдайда проблеманы 
шешудің, қиындықты 
жеңудің қай тәсілі 
нәтижелі?
Проблеманы шешу 
тәсіліне ие бола отырып, 
қарсылыққа тікелей 
шабуыл, құлық, сиқырлы 
заттарды қолдану, 
шынайы өмірде 
қиындықты шешудің 
қандай тәсілін 
қолданатынымызды білу 
маңызды.
Ертегі 
кейіпкерлерінің 
жолы. Өзіне және 
қоршаған әлемге 
қарым-қатынасы. 
Кейіпкердің 
жалпы бағытын 
түсіну: ол өзге 
кейіпкерлерге, 
қоршаған ортаға 
қарым-қатынасы 
бойынша 
қиратушы немесе 
құрастырушы. 
Кейіпкердің әрекеті 
қоршаған ортаға не 
алып келеді: қуаныш, 
қайғы, қырағылық? 
Қандай жағдайларда 
ол жасампаз? 
Шынайы өмірде адам 
бұл үрдістерді қалай 
бөледі?
Бүлдіруші және 
жасампаз үрдістерге 
икемді тәсілдерді 
дамыту. Негізгі 
беталыстың білінуі 
көбінесе нақты өмірлік 
жағдайға тәуелді.
 
Кестеде келтірілгендей ертегіні ой елегінен өткізу және оларды талқылау 
қаншалықты маңызды болса, өз ертегілерін құрастыру да біршама өзіндік мәнді 
ұғым. Өз ертегілерін құрастыру (жазу,
балалардың ертегі түрлері туралы 
білімдерін кеңейту) – балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын көркем шығармашылық іс-әрекет. Сөздік шығармашылық 
деңгейінің жоғарылауы, әсіресе, ертегі мазмұнының өзіндік ерекшелігінен және 
оған барабар бейнелеу және экспрессивтік құралдарды қолданудан айқын 


71 
көрінді. Ертегінің әсерінен балалар жасаған шығармаларды дәстүрлі ертегі 
элементтері мен қазіргі заманның шындықтарын біріктіретін шығармашылық 
сипаттағы толық әңгімелер ретінде анықтауға болады, олар мазмұнды және 
тілдік деңгейде көрінеді. 
Балаларды өз бетінше ертегі құрастыруға үйрету жұмысы екі бағытты 
қамтиды: (сурет 6). 
Сурет 6 – Балаларды өз бетінше ертегі құрастыруға үйретудің бағыттары 
Суретте берілгендей ертегі құрастыруға үйрету бағыттары дайындық 
жұмыстары мен балалардың өздігінен ертегі құрастыруы бағытында бірлесе 
көрсетілетін әдіс. Кестедегі бірінші дайындық жұмысы мыналарға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет