88
талдауға үйрету;
болашақ педагогтерді балалардың
ертегі
терапиясы арқылы
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру үшін білім және практикалық
дағдылар жүйесімен қаруландыру;
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін даярлау кезіндегі мақсатты
компоненттерді қалыптастыру процесі айтарлықтай ұзақ. Бұл компонент
«Мектеп
жасына
дейінгі
балалардың коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыруда ертегі терапиясын қолдану технологиялары» атты элективті
курсын оқу процесінде қалыптасады. Оның мәні болашақт педагогтер мектеп
жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптасу
жұмыстарында стратегиялық және тактикалық
мақсаттарды анықтау
қажеттілігіне қалыптасқан сенімі болып табылады. Педагогикалық процесте
мақсат оның барлық компоненттерін анықтайды: кез келген педагогикалық
процесті жүзеге асырудың міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістері орын
адады, болашақ педагогтер мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік
дағдыларын қалыптасутыру іс-әрекетінде мақсатты нақты балаға бағытталған
белгілі бір қалыптасутыру жұмыстарын жүргізудің
қажеттілігін анықтайтын
диагностикалық мәліметтер негізінде анықталатынын түсінуі керек.
Мақсатты таңдау тапсырманы қабылдаған сәттен бастап оған қол жеткізу
тым алыс болмайтындай етіп жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің орындалу уақыты
ұзақ болған жағдайда, бала үшін түпкі мақсатқа жақындау ретін нақты көрсететін
ішкі мақсаттарды бөлу қажет. Мақсатты қабылдау оны бала үшін маңызды
мотивтермен байланыстыру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен ертегі
терапиясын меңгеру деңгейінің 1) танымдық; 2) мотивациялық; 3) іс-әрекеттік
компоненттері бойынша үш деңгейін анықтауға болады: жоғары, орташа, төмен.
Достарыңызбен бөлісу: