Көшпелілер немесе дала өркениеті/КӨшпелі қОҒам эволюциясы көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата28.05.2024
өлшемі463.6 Kb.
#501979
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
ҮМ 3.5 Көшпелі өркениетін зерттеу

Көшпелі шаруашылық түрлері. Археологиялық және этнографиялық 
материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап XX ғасырдың басына дейін мал 
шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал 
шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймағында басым болған. 
Бұл аймақтарда қыстаусыз көшпелілермен қатар қыстауы бар көшпелілер де 
болған. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы деректерге қарағанда, 
көшпелілік Маңғыстау, Темір уездеріндегі адайларда, Атбасар уезін жайлаған 
бағаналыларда, Қазалы, Ырғыз, Торғай, Қапал уездерін 
мекендеген 
кейбір 
руларда жақсы сақталған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде 
тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста 
ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған. 
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта шеніне жататын, бір жерде 
шоғырланған Қараоба, Тасмола, Сыпыраоба, Қарабие деп 
аталатын 
рулық 
қауымдық зираттар осындай ұзақ қыстап отыратын жерлерге салынған сияқты. 
Бұл тайпалардың негізгі 
түліктері қой, жылқы, түйе болған. 
Қазақстанның 
кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жартылай көшпелі мал шаруашылығы да 
қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның 
ыңғайына қарай жылжып көшіп отырып, қыста дайын қора-жайы бар 
қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Мал шаруашылығының бұл 
түрі сақ-үйсін заманында-ақ дала мен таулы аймақтарда қалыптаса бастады. 
Мұндай аудандарға Жетісудың, Шығыс Қазақстанның тау етектеріндегі 
аймақтар жатады. Бұл аймақты мекендеген халық малды жазда биік таулы 
жайлауда бағып, қыста тау етегінде, тау қойнауындағы қыстауларда 
қыстатып күн кешкен. Кейде олардың қыстаулары Алтай, Тарбағатай сияқты 
биік таулармен сілемдесіп жатқан аса биік емес, қары аз Қаратауда болатын. 
Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы ұсақ 


өзен, бұлақтардың жағасына 
егін 
салатын. 
Олардың 
негізгі 
дақылдары: тары, арпа, бидай. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен 
айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді. 
Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда
кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде 
егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі 
шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды. Отырықшы 
мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері 
бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал 
шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы 
дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес 
жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. 
Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты 
бекіністі қалашықтар қалыптасты. 
Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-
мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай 
көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. 
Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда 
үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы 
қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы 
малшы қауымдар аз болған жоқ. 
Орта ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда қала мәдениеті жақсы дамып, 
халықтың көпшілігі отырықшылыққа айналды. Бұл жағдай Жетісудың да біраз 
аумағына таралды. Моңғол шапқыншылығынан кейін Оңтүстік Қазақстанда қола 
мәдениеті, отырықшы егіншілер экономикасы күйреген кезде, бұл өңірде де 
жартылай көшпелі мал шаруашылығы қайтадан жаңа қарқынмен дамыды. XVII—
XVIII ғасырлардағы шығыста жоңғарлармен, батыста қалмақтармен соғыс қазақ 
халқының шаруашылығына өз әсерін тигізді. Көші-қон жолдары, бағыттары 
өзгерді, жайылым бірде тарылып, бірде кеңіді, мал басы азайды. Жоғарыда 
келтірілген 
екі 
мысал 
этносаяси жағдайлар халықтың 
шаруашылық 
құрылымының, бағытының өзгеруіне әкелетіндігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет