Бизнес жоспар: Тігін және киіз басу шеберханасы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата28.05.2024
өлшемі1.38 Mb.
#502002
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7
БП Тігін цехы 2024

Атауы 
Қажеттілік 
Саны 
Бағасы 
Меншікті 
қаражат 
Тігін машинасы 
JONOME Q-23P 
240 000 

480 000 
Тігін машинасы
JACK A2S-4C 
220 000 

220 000 
Булы үтік ES651VK 
135 000 

270 000 
Оверлок машинкасы 
Brother 1034DLE 
175 000 

175 000 
Үтіктеу тақтасы 
85 000 

85 000 
Мата 
100 000 

100 000 
Құрал - жабдықтар 
146 800 

146 800 
Барлығы 
 
 
1 476 800
 
 
 
 
 
3. ҚЫЗМЕТ СИПАТТАМАСЫ 
Шеберхана тапсырыс қабылдауды және одан ары клиенттердің тапсырыстары 
бойынша дайын перде тігуді, сондай-ақ, қосымша қазақы нақыштағы қыз-келіншектерге 
жасалған көйлектер мен бұйымдар тігу, қиыстырып келтіру және жөндеу жұмыстарын 
жұзеге асырады деп жоспарланған.


Бүгінгі таңда киім жөндеу және тігу қызметтерін Қазақстанда ательелер, сондай-ақ, 
көптеген шеберханалар ұсынып отыр.
 
4. МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫ 
 
4.1 Қызмет нарығының талдауы 
Бүгінгі таңда тігін ісі қызметтерінің тұтыну нарығының жағдайы бір жағынан
тұтынушыларды тартудың қиындықтарына, екінші жағынан әлеуметті жаңғарту 
мүмкіндіктеріне ие. Өз кезегінде тігін шеберханасын нөлден бастап ашу ең аз шығынды 
талап етеді. Менің шеберханам дайындаған өнімдер сапалы, қолжетімді болады. 
Тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер қарастырылады.
Аталған қызмет түрлері нарығы тиісінше, халық санының артуымен және 
халықтың табыс көлемінің артуымен бірге өсіп, дамып отырады.
Ательелердің қызмет нарығы көлемінің жыл сайынғы өсімі 10%-дан аса көлемді 
құрайды. Бұл нарықтың жеткілікті дәрежеде сегменттелгенін, бір ательелердің тек киім 
тігуде маманданып, екіншілерінің жөндеуде, ал басқаларының жоғары сұранысқа ие 
барлық қызмет түрлерін көрсететіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі дағдарыс шарттарында 
жөндеу қызметтері көбірек сұранысқа ие. Сонымен қатар, перделер, төсек жапқыштар 
және басқа да тоқыма бұйымдарын тігу бағыты да айтарлықтай сұранысқа ие және 
табысты болып табылады, сондықтан толық қызмет спектрін көрсету ұсынылады.
Жобаның сәттілік деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары деп бағаланады, өйткені кез 
келген елді мекенде дерлік ательенің ықтимал тұтынушылары болуға даяр адамдардың 
пайызы айтарлықтай жоғары болып табылады.
Менің шеберханам секілді шеберханалар ауданда кеңінен таралған. Сонымен бірге 
сырттан әкелінген ұқсас өнімдер сауда орындарында сатылады. Бірақ бұл өнімдердің 
басым бөлігі – синтетикалық маталардан тігіліп, немесе өлшемдері сәйкес келмейтін 
Қытай мен Қырғызстан өнімдері. Осы өнімдерді де есепке алғанда, ауданның қажеттілігі 
соның өзінде толық қамтылмай отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет