К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет25/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Жағдаяттық тапсырма
Сіз – актерсіз. Өзіңізге берілген «Ана», «Әке» рөлдерін қалай салар едіңіз? 
10.16. Мәтінді оқыңыз. Театр өнерінің қалыптасуы туралы тарихи
мәліметтермен толықтырыңыз.
 
Театр 
 
Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы 
көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін, түрлі сахналық 
қойылымдар, ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар 
өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-
өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы 
тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. 
Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және 
киноматографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік 
өнер. Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің 
аса маңызды құралы. 


32 
10.17. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Сахна тілі» туралы түсінігіңіз қандай? 
2. Театр 
қойылымдарын тамашаладыңыз, сол қойылым туралы 
әңгімелеңіз. 
10.18. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Әр сөйлемді толықтырып
түсіндіріңіз.
Қазақстан өнері 
 
1. Қазақ жеріндегі ең көне өнер шығармашылығы деп Қаратау тау 
шатқалдарында салынған жануарлар суретін айтуға болады. 
2. 1970 жылы Есік қаласында таяу жерден біздің дәуірімізге дейінгі V 
ғасырда жерленген сақтың жас әскери адамы табылған («Алтын адам»). 
3. Қарғалы қоймасынан «аң стилінде» жасалған (біздің дәуірімізге дейінгі ІІ 
ғасыр) қозғалыс күйіндегі бұғы, құс, қанатты пырақтар және айдаһар 
кескіндерінен тұратын үйсін диадемасы табылған. 
4. Декоративтік қолөнер туындыларына Отырардың өте әдемі ою -өрнектеліп 
балшықтан жасалған ыдыстары жатады. 
5. Бұл дәстүр, яғни, киіз үйлер мен тұрмысқа керекті заттардың әшекейлі 
оюлармен өрнектелуі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. 
6. Киіз үйдің негізгі сәні ою-өрнекпен тамаша өрнектелген текеметтер болған. 
10.19. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар. 
Жез таңдай, тума талант, күміс көмей, мың бұралған, ғажап ән, киелі 
өнер, атақты күйші, дарынды қобызшы, талантты әнші, кәсіби мүсінші. 
Зергер, айтыс, туынды, қойылым, бейнелеу, көркемсурет, күйші, актер, 
шығарма, киіз үй, дарын сөздеріне жұрнақтар жалғап, сын есім жасаңыз. 
10.20.Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыдар.
Көрме, қолөнер, әнші, күйші, қойылым, әшекей, ұсталық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет