«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Эссе жинағы

28. Метрополитен экологиялық ахуалды жақсартып, көлік мәдениетін қалыптастыра ма?
Бұрын метросы жоқ ел едік, енді ол да бар. «Алматыда метро салынады» деген хабар
шыққаннан берi аттай отыз жыл өтсе де, «ештен кеш жақсы» деген, «метро жырына» соңғы
нүкте қойылып, оның көптен күткен тарихи күн – азаттықтың ақ таңы атып, ата-баба арманы
орындалған ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мрейтойы қарсаңында ашылуы – Қазақстан халқына
жасалып отырған тарту-таралғы еді. Ал енді метро салынып, қағанағымыз қарқ, сағанағымыз
сарқ боп кеткен жайымыз бар ма? Экологиялық күйіміз жақсарып, көлік кептелісіміз азайды ма?
Ертеректе метросы бар қалаларға таң қалатын едік, енді өз метромыз бар, баратын
жерімізге жер шалғай демей, қиналмай жетіп баратынымыз былай тұрсын, ауаны ластамай,
түмінге тұншықпай, лық толған көшелерде тығылыспай жетіп барамыз. «Азияда Ташкенттен
кейін екінші саналатын Алматы метросы ТМД аумағында он алтыншы соңғы үлгідегі заманауи
озық технологиялармен жарақтанған, ұлттық нақышта безендірілген жер асты көлігі болып
отыр. /egemen.kz/» Бір қуанарлығы әр метро станциясының безендіріллуі ұлттық нақыштағы
ою-өрнекпен, алманың суретімен безендірілген, бір сөзбен айтқанда, ұлттық нақыштың иісі
шығып-ақ тұр.
Салынған жылы ұзып кетсе де жұмысқа берілгеніне де көп бола қоймаған метромыз
экологиялық ахуалдың жақсаруына көп септігін тигізіп отыр. Мысалы, метроның бірінші
желісінің ұзындығы 8,56 шақырым. Ал тереңдігі – 40 метр. Сағатына орта есеппен 40 шақырым
жылдамдықпен жүретін метро пойызы стансалардағы аялдауларды қоса есептегенде келесі
басына 15-20 минөтте жетіп барады. Қала тұрғындары жұмысқа баратын, кешкілік қайтатын
уақыттарда пойыздар стансаларға әр 9 минөт сайын келетін болса, басқа кездерде олардың
жылжу уақыты аздап сирейді. egemen.kz. «Айшылық алыс жерлерге, көзді ашып-жұмғанша»
жеткізді деп тамсана айтатын Ыбырай атамыздың өлеңіндегі нағыз ғажайып осы емес пе?


Аллаға шүкір, Халықтың «Ер Төстік» ертегісіндегі арман еткен жер асты патшалығын көруді
бізге және біздің ұрпаққа жазған екен!
Қорыта айтқанда, техниканың соңғы жетістігі қазағымыздың пайдасына жарап тұр, бір
қуанарлығы - жол ақысы қалта көтерерліктей, 80-ақ теңге. Ендігі кезекте метро желісінің
ұзақтығы мен станциялар мен бекеттер санын көбейте түссе, қыс және жаз күндері экологиялық
ахуалы мен жүргіншілердің жағдайын жасайтын орындар метро бекеттерінен көбірек ашылса,
нұр үстіне нұр болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет