Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет46/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
91 
әміршісі Әбілқайыр жездең, — деді. Өзі барып, бірінші боп құшаққа құшақ тигізіп 
амандасып, бауырын қолтықтап ханға таяды. 
Хан созылған қолды аларда тағы дір ете қалды. Сәл кейін шегініп те кетті. 
Бірақ құшаққа құшақ, кеудеге кеуде тигізіп амандасуға батылы бармады, тек қол 
алысып амандасты да қойды. 
Әбілқайырдың расында сескенетін де реті бар еді. Мұқамет-Жөкі алғашқы үйге 
кіріп келгенде, оны батыр Саян екен деп қалған еді хан. Бірінен бірі аусайшы! Бір 
шыны аяқтағы екі тамшы судай ұқсас. Сол қалың қабақ, өткір көз, сопақтау келген 
сұрша бет. Бойлары да, дене құрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғақ бой, арыс кеуде, 
жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяқтарындай, аяқ-қолдары сомдала біткен. Жалпы 
қимылында, дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір қауіпті сұс 
бар... 
Әбілқайыр қол алысып амандасып, Мұқамет-Жөкіден ел жайын, 
Мауреннахрдың күйін сұрап отырғанында да іштей сезіктенумен болды. Ханның 
мұндай жағдайын байқаған Рабиу-Сұлтан-Бегім енді Әбілқайырдан қонағын өз 
Ордасына алып баруға рұқсат сұрады. Бойын билеп алған әбігерден айырыла 
алмай отырған Әбілқайыр бірден көнді. 
Рабиу-Сұлтан-Бегім сескенуден де, «әкең әкемді өлтірген» деп Мұқамет-
Жөкіге кек тұтудан да аулақ еді. Әбду-Латиф Ұлықбек мырзаны, менің және 
өзінің әкесін өлтірді, ал өзі басқалардан ажал тапты. Ақырында екеуінің қастары 
әкесі мен баласынан бірдей құтылды. Бұған қарап Ұлықбектің қызы мен әбду-
Латифтың ұлы қырық пышақ болуға тиістіміз бе? Жоқ, тиісті емеспіз. Алтау ала 
болса, ауыздағы кетеді. Ұлықбек тұқымынан тірі қалғандардың ішіндегі ең 
жақыны біз екеуміз. Егер біз екеуміз жау болсақ, бұдан тек қастарымыздың бағы 
жанады. 
Рабиу-Сұлтан-Бегімнің Мұқамет-Жөкіні өзіне жақын тартуының тағы да бір 
себебі екеуінің Ұлықбек сарайында тетелес өсуі еді. Мұқамет-Жөкі Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен үш жас кіші. Сондықтан Рабиу-Сұлтан-Бегім одан өзін үлкен санап, 
кішкентайынан оған апалық қамқорлық көрсетіп келген. 
Сұлтан тұқымдарына тән аяусыз қатты мінездеріне қарамай, екеуіне де 
жастайынан жат емес, осы бауырмалдық сезім, қазіргі тілектерінің жақындай 
түсуіне жол ашты. 
Рабиу-Сұлтан-Бегім Мұқамет-Жөкінің келуіне арнай қыз-келіншек, бозбалалар 
жинап, ұлан-асыр той істеді. Ат шаптырылды, балуан күрестірілді. Жігіттер 
жамбы атып, сайысқа түсті. Шырқалған ән, тербелген алтыбақан... Айлы түндерде, 
бетегелі құрақты сай ішінде хан қонағы талай сұлуды құшып, күндіз сұңқар, 
қаршыға салып, Арқаның қызыл түлкісі мен кіші-гірім лақтай қыр қоянын 
алдырды. 
Осылай бір апта ойын-сауық құрғаннан кейін, Мұқамет-Жөкі хан алдына келді. 
Алыс жерден сапар шеккен мұң-мұқтажын айтты. Жігіттің сауытсыз, қару-
жарақсыз екенін көріп, хан көңілі күптенбеді. Ол енді Мұқамет-Жөкімен 
ақжарқын, шын көңілмен ұзақ әңгімелесті. Бұл әңгімеге тек Рабиу-Сұлтан-Бегім 
ғана қатынасты. 
Самарқант, Бұқар, Герат, Мервте қазір қанша әскер барын, халықтың 
әбусейітпен өш екенін баяндай келіп, Мұқамет-Жөкі сөзінің аяғында: 
— Әбілқайыр хан, Ақсақ Темір тағына менің атам Ұлықбек, одан кейін оның 
баласы, менің әкем әбду-Латиф отырған, ендігі кезек менікі, — деді, — әбусейіт 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
92 
қазір Қорасан мен Иракты тегіс жаулап алам деп жорықта жүргенінде, Самарқант 
билігін қолыма түсіруге жәрдем беріңіз. Мұндай ыңғайлы сәт екінші мәртебе 
кездесе ме, онысын білмеймін. Ал қазір ең қолайлы шақ... 
Әбілқайыр баяу езу тартты. 
— әбусейіт те әбділлахтан әмірлікті алар жолы, дәл сен тәрізді ішке кіре 
келген... 
— Ақсақ Темір ұрпағының бәрі әбусейіттей опасыз бола бермес. Егер 
Самарқант әмірінің тағына отырғызсаңыз, өмір-бақи сізді әке етіп, айтқаныңызды 
екі етпей өтуге қолыма құран алып ант етуге бармын. 
— әке еткеніңнің маған керегі жоқ. Әкесі болар балаларым жетеді. Алда-жалда 
Самарқант тағына отыра қалсаң әмірімді екі етпеймін деп серт берсең құба-құп. 
— әміріңізді екі етпеске міне құран, міне нан. 
Әбілқайыр үндемей қалды. Ол ұзақ уақыт тілсіз отырды да, бір мезетте: 
— Самарқант уәлиетінің жерінде ұрысқа жарайтын қанша жауынгер пілдер 
қалды? — деп қарсы отырған жігітке тесіле қарады. 
Бұрын Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр жерлерінде соғыста піл қолданылмайтын. 
Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей 
жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған. Бір 
кезде Самарқант, Бұқар уәлиеттерінде піл әжептәуір қоқан-лоққы күшке айналған. 
Ал Әбілқайыр үнемі Мауреннахр жеріне шабуылға шыққанда, қойға шапқан 
қасқырдай, ол әдетте хандарының бөтен елге жорыққа кеткен кезін аңдып 
тұратын. Қалаларын жау алған соң, пілдер де ештеңе істей алмайтын. Демек, 
Самарқант, Бұқарда дәл біз айтып тұрған шақта жауынгер пілдер бітуге айналған-
ды. Бірақ әзірге өлмеген азғантай пілдердің өзінен де, бұрын мұндай ашулы алып 
хайуандармен айқасып көрмеген көшпелі ел сыпайларының зәре-құты қалмайтын. 
Самарқантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашқы ұрысында өздеріне қарай 
дүрсе қоя берген үш пілден бүкіл Қыпшақ жігіттері жөңки қашқан. Әскердің арт 
жағында келе жатқан Әбілқайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, кіші-гірім 
үйдей боп өзіне қарай тап берген алып пілді көргенде, не істерін білмей, 
қолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек ажалдан астындағы жүйрік ақ боз 
аты құтқарған. Содан бері Ақсақ Темір әміратына жататын қаланы шаппақ болса, 
ең алдымен «жауынгер пілдері жоқ па екен?» деп сұрайтын. Жылан шаққан адам 
ала жіпті аттауға қорқады. Бір рет өлердей боп шошып қалған Әбілқайыр бұ жолы 
да сол дағдысына салып, піл жайын тәптіштеп сұрап отырған-ды. 
— Бүкіл Самарқант, Бұқар, Гератта үш-ақ піл бар, — деді Мұқамет-Жөкі, — о 
да жорыққа шыққанда Көреханның шатыры мен гаремін алып жүреді. 
— Өзге пілдері қайда? 
— Пілді соғысқа пайдалану үшін оларды жұмсай алатын адамдар керек... 
Бұрын бұл қызметті Иран мен Үндістаннан алып келген есірейлер атқаратын. 
Олардың өлгені өлді, өлмегені ебін тауып өз жеріне қашып кетті. Иесіз қалған 
пілдерді әбділлах қастары у беріп өлтірді. 
— Бұлары дұрыс болған екен! — Әбілқайыр Ордасының әшекейлеп сыр- 
ланған қабырғасына қарады. «Қан төкпей істейтін ісіңді қан төкпей істе. Қан төгіп 
істер ісің болса алла-тағала өзі жәрдем берсін» деген қабырғаның жоғар- 
ғы ернеуіне оюлап жазылған хадистің төменгі жағына көз жіберді. Қабырғада 
самсаған қару-жарақ ілулі тұр. Болат наркескен, қисық алдаспан, көк құрыш сүйір 
ұшты найза, шойын басты шоқпар, жақтың бірнеше түрі... Әне, анау Исфаған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет