Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
111
Дәшті Қыпшақтың ортасындағы бүкіл Түркістан өлкесі Әбілқайырдың қолында
тұрған. Моғолстанға жаны қас әбусейіт Әбілқайырдың
арқасында осы өлкенің
Яссы, Сауран, Сайрам, Сығанақ секілді мединелеріне арқа сүйеуге толық
мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне әбусейіт Жағатай Ордасының ішіне суық
қолын бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы әйелінен туған
қызы Сұлтан-Нигар-Бегімді баласы Омар-Шейх мырзаға алып бермек-тін. Мұнда
тағы саясат бар. Исан-Бұғының орнына өзінің туған құдасы Жұныс сұлтанды
отырғызу үшін, әрине әбусейіт әскерін аямайды. Жұныстың күшеюі және оның
әбусейіт жағында болуы — Самарқант әмірінің айбарының ұлғая түсуіне көп
жәрдем. Соңғы кездері әбусейіттің Әбілқайырдан алыстауы Ақсақ Темір ұрпағы
мен Жағатай тұқымдарының тізе қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой
көтереді. Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тәжінің салмағын
ұрпағы әбусейіт көтере
алмай жүр.
Жоқ, олай емес. Әбілқайырға Самарқант әмірлігі құлақ сала берсе, түбі Ақсақ
Темір хандығынан дым да қалмайды. Бұны әбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып
ол жанталасады. Уайс ханның баласы Жұныспен бірігіп Моғолстанды алып, түбі
Әбілқайырға қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек?
Олар тек «Ұр-рит соқ, соқ!, Ұр-рит соқ, соқ!» Әбілқайыр мен әбусейіт секілді екі
азбан қошқар сүзіссе екен дейді. Тек сонда ғана Моғолстанды алып күшеймек
түгіл, өз хандықтарын сақтап қалулары да бұлардың екіталай болар еді деп
ойлайды мықты біткеннің бәрі-бәрі.
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір
ұрпағы Астрахань хандарына, күншығысындағы — Қытай богдахандарына,
солтүстігіндегі — Ойрат қонтайшыларына, оңтүстігіндегі — Ақсақ Темір мен
Сайбанның
қанды балақ әмір, сұлтандарына бой бермей келген. Ал қазір ше?
Қазір де жаралы жолбарыстай бір шабатын күші бар. Бірақ сол күші ұзаққа жетер
ме? Ай, жетуі екіталай. Оны жаралаған сыртқы жаулары емес, ішкі жаулары. Жете
1
мен Қарбанас
2
хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы. Моғолстанды ішінен
жегі құрттай жеп, әлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік.
Исан-Бұғы тағы ойға шомды.
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-
бірі шұқымас үшін, алла-тағала ортасына мұрын жаратыпты. Ал бұдан отыз жыл
бұрын, бір мың төрт жүз жиырма сегізінші жылы әкелері атақты Уайс хан өліп,
артында қалған ағайынды екі жігіт Жұныс пен Исан-Бұғы Моғолстан тағына
таласар күн туа жаздағанында кім араша тұрды? Ешкім де тұрған жоқ. Қайта
ағалы-інілі сұлтандарды өшіктірумен болды. Әсіресе бұны бұрын Уайс ханға
бағынып
келген
Моғол
әмірлері
істеді.
Осы
әмірлердің
ар-
қасында Исан-Бұғы Жұныстан Жағатай хандығын тартып алды. Бірақ артынан
жастығы ма, мастығы ма, хан болғаннан кейін өзін
хан тағына жеткізген осы
әмірлерге қиянат істей бастады. Ең алдымен бас наип
3
етіп Тұрфан қаласынан
шыққан Темір деген ұйғырды белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің
қаққанда қанын, соққанда сөлін шығарды. Өзі қарадан туа әсіресе Моғол
әмірлеріне жайсыз тиді. Қарадан наип еткен хан ісіне наразы Моғол әмірлері,
Темірдің қорлығы әбден асқан кезде, бір күні түнде жиналып кеп оның басын
1
Ж е т е, я ғ н и ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған.
2
Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған.
3
Е с к і ш а ғ а т а й т і л і — уәзір деген мағынада.