9
2 Диагностикалық басқару бөлімінің өртті анықтау жүйесінің
сипаттамалары
Өрттен қорғау жүйелері – белгілі бір ғимарат ішінде немесе бақыланатын
аумақта адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
инженерлік шешімдер кешенінің маңызды бөлігі.
Өрттен қорғаудың негізгі
жүйелері өрттің болуын уақтылы анықтауға, ошақты оқшаулауға, оны сөндіруді
ұйымдастыруға және адамдарды эвакуациялаудың қажеттігі мен әдістері туралы
хабардар етуге қабілетті.
Өрттен қорғаудың негізгі жүйелері:
өрт дабылы;
төтенше ескерту және эвакуацияны бақылау жүйесі;
мамандандырылған өрт сөндіру жүйелері (су, газ, ұнтақ);
ақпаратты жинау мен талдаудың орталық жүйесі.
Өрт дабылы жүйесінің функцияларына
барынша ерте кезеңде жану
фактісін анықтау және адамдарға хабарлау жүйесі мен шұғыл ден қою
қызметтерін іске қосу жатады.
Өрттен қорғаудың негізгі жүйелері бір-бірімен
байланысты және бір
кешеннің бөлігі ретінде жұмыс істейтінін ескеру қажет. Өрт туралы сигнал келіп
түскеннен кейін адамдарды жану ошағының бар екендігі туралы хабардар етуге
және оларды қауіпті аймақтан эвакуациялауға көмекті ұйымдастыруға арналған
хабардар ету жүйесі қосылады. Құлақтандыру тәсілдеріне дыбыстық сигналдар,
оның ішінде дауыстық құлақтандыру және жарық көрсеткіштері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: