Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет29/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ЛИТЕРАТУРА 
 
1. Алуаханов Е «Борьба с коррупцией», г.Алматы, 2004 год. 
2. Интернет ресурс - articlekz.com 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАСЫ МЕН 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ҚОҒАМДАСТЫҚТА ЖАЗЫЛМАҒАН 
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
 
Тілекбаева А., студент 
Ғылыми жетекшісі: Усенбаева А.У.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық
құндылықтары қарастырылған. 
Түйінді сөздер: коррупция, идея, мораль. 
 
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті 
мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-
өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын 
жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы 
елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан 
да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының 
бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Жемқорлық, коррупция (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару 
құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет 
мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында 
жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері [1]. 
Көптеген елдердің тәжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың 
пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты әрекеттермен 
жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша 


87 
сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас 
жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені 
белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы әлі сан алуан әлеуметтік қатынастарды 
болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. 
Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта 
жігерді басып тастап және экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын 
емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады. 
Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс 
нысандарына: мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі 
басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс; лауазым иелерінің басқа да 
кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік 
қызметкерлердің қылмысын; қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке 
мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке 
тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық 
тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі 
болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын 
басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері 
туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. 
Сыбайлас жемқорлыққа деген көзқараста мінез-құлық, құқықтық сана маңызды 
рөл атқарады, мұндағы мінез-құлыққа тоқтала кетсек. Адамның мінез-құлқына табиғат 
пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар 
болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз.. 
Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның 
қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – 
адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті. 
Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық 
тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның 
жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға «ақша» ережелерін 
енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы 
алу үшін қолжетімді бола алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, 
олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі 
адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері 
байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным 
негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн [2]. 
Сонымен, сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі тек кейбір шенеуніктердің байып 
қалуына ғана емес, бүкіл қоғам салаларына тарайды. Бастапқыда жемқорлық қауіп-
қатер түрінде көрініс табады. Ол қалыптасқан құқықтық тәртіптің бұзылуына қауіп 
туғызады, құқықтық нормалар мен құқықтық дағдыларды тез арада бұзып бастайды. 
Дамыған құқықтық мәдениеті бар және бай демократиялық салт-дәстүрі бар 
қоғамда сыбайлас жемқорлықтың деңгейі айтарлықтай төмен болады. Сондықтан да 
Қазақстанда сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың маңызды негіздерінің 
бірі үнемі құқықтық мәдениетті дамыту және демократиялық құндылықтарды бекіту 
болуы тиіс. 
Демократиялық еркіндіктің дамуының жоғары деңгейі жариялылық деңгейінің 
жоғары болуын көрсетеді. Мұндай жағдай шенеуніктерге сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтарын жасауды төмендетеді. Дейтұрғанмен, Қазақстанда мемлекеттік 
мекемелердің үстінен азаматтық бақылау тетіктерін орнату қажеттігі бар [3]. 
Қазіргі заманауи ақпараттық қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу тек 
кешенді іс-шараларды іске асыру арқылы ғана жүруі мүмкін. Жемқорларға қатысты 


88 
жазалау шаралары ашықтықпен және жариялылықпен, шенеуніктердің кіріс деңгейі 
мен мүліктік жағдайының ашықтығымен ерекшеленуі керек. Мұндай жағдайда тек 
құқық қорғау органдары қатысып қоймай, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық 
ақпарат құралдары қатысуы керек. 
Қазақстандық мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тиімділігін 
көтермелеу үшін құқықтық, саяси, қаржылық, ақпараттық сипаттағы кешенді іс-
шараларды іске асыру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жемқорлықтың 
туындауына әкеп соқтыратын факторлармен күресуді қамтуы керек. Ең бастысы, 
мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін, қоғамда заңдылық пен құқықтық 
тәртіп құндылығын бекіту туралы азаматтық жауаптылық деңгейін көтермелеу керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет