Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы//http://30-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-
organ/zhemorlya-arsy-kres/24-sybaylas-zhemorlya-arsy-kres-.html 
2. https://baribar.kz/student/823/qazaqstan-respublikasynynh-sybaylas/ 
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.// https://kaz.tengrinews.kz 
4. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру // 
https://ust.kz/word/jastardyng_sybailas_jemqorlyqqa_qarsy_madenietin_qalyptastyry-32.html 
ӘОЖ 343.4 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – БҮГІНГІ КҮННІҢ 
ТАЛАБЫ 
 
Сагиндикова А.К. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Андатпа.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі 
мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму 
тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты 
алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, 
олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді.
Түйінді сөздер: жемқорлық, құқық, бостандық, демография, мемлекет. 


158 
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар 
алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың 
барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - 
Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік 
қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі 
барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық 
қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі 
сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі 
келтіреді. Ал, іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік 
органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің 
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік 
басқару жүйесін қорғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе 
болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажеттілігі, 
басқару жүйесіндегі әр түрлі процестердің реттеушісі болып табылады. Жалпы 
сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес 
мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты 
міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-
дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін 
ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. 
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік 
қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң 
бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы 
тиіс. [1] 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» 
Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, 
сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың 
жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын 
және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін 
пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық 
көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық 
бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың 
зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, 
мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ 
оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас 
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың 
пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Заң сол сияқты демократиялық негiздердi
мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет 
пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк 
қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың 
риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заңның ерекшелігі сол
билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына 
пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Барлық 
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.[2] 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте 
тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Арестотель 


159 
ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн 
тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп 
ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік 
құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», - деген екен ежелгі ойшыл ғалым. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің 
бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан 
бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны 
айқын. 
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар 
жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму 
деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар 
жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып 
отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық 
борышымыз болып табылады. 
Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып 
қарсы тұруымыз қажет!!! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет