22
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Хадиске түсініктеме:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Маған дүниеде үш нәрсе
сүйкімді» дегенде ең алдымен әйелді айтқан. Өйткені, үмбетінің
көбеюі мен Ислам дінінің
құпия сырларын білу әйелдер
арқылы болмақ. Мұсылман әйелдер ерлерден сұрауға ұялатын
нәрселерін білімді әйелдерден сұрап үйренеді. Осылайша
Исламның кең етек алып таралуына өз септіктерін тигізеді.
Ақыретте ең көп үмбет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмбеті бола-
ды. Өйткені, Хазіреті Пайғамбар:
«Үйленіңдер, көбейіңдер, нәсіл
таратыңдар! Қиямет күні сендердің көптіктеріңді мақтаныш
тұтамын» деген. Тағы бір хадисте:
«Әйелі жоқ кедей – нағыз кедей» - дейді.
Сонда бір сахаба:
- Мал-мүлкі болса да ма? - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
-
Малы көп болса да - деп
жауап беріп сөзін былай деп
жалғастырады:
-
Күйеуі жоқ әйел де – кедей, кедей. Сахабалар:
- Мал-мүлкі көп болса да ма? - деп сұрады. Пайғамбар
(с.а.у.):
-
Малы көп балса дa, - деп жауап береді. Мұнда Пайғамбарымыз
үйленіп отау
тігудің маңыздылығын білдірген, тілге тиек
еткен. Екінші ретте хош иісті айтуының себебі:
хош иістің
періштелердің тамағы болғандығын,
яғни Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.) тәндік тұрғыдан әйелдің,
рухани тұрғыдан хош иістің
сүйкімділігін баяндайды. Бірақ, осылардың арқасында намазға
ерекше орын берген. «Көзімнің нұры болған намаз» деген
сөзінен мұны айқын көруге болады.
Аллаһ Тағала Құранда былай деген:
Достарыңызбен бөлісу: