Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис �������������



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
40hadis

13
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
�������������
Бала тәрбиесіндегі басты негіздер
Мағынасы:
Хазіреті Алиден (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Балаларыңызды мына үш көркем 
мінезге тәрбиелеңіздер: Пайғамбар мен оның туған-туыстары-
на деген сүйіспеншілікке және Құран окуға деген сүйіспеншілікке. 
Өйткені, (Құранды жаттап алған кісілер) ешқандай көлеңкесі 
жоқ қиямет күнінде Аллаһтың пайғамбарлары мен таңдаулы 
құлдарының қатарында Аллаһтың көлеңкесінде болады» 
(Кәнзул-
Уммал, хадис 45409).
Хадиске түсініктеме:
Балаларымыз дүниеге келгенде жақсы тілектер айтылып, 
бауы берік болсын, Аллаһ Тағала жасын ұзақ қылсын деп бата 
беріледі. Бала ата-ананың қуанышы әрі Аллаһтан берілген 
өмірдегі ең үлкен нығметтердің бірі екендігі сөзсіз. Ата-анасының 
ыстық алақанын, ыстық құшағын аңсап өмірдің тауқыметін тар-
тып, бұрыс жолдың құрбаны болып кеткен жетімдер қаншама. 
Солардың қатарына ата-анасы балаға дұрыс, жақсы тәрбие бер-
меген балаларды да кіргізсе болады. Олардың жағдайы тұл же-
тімдерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Өйткені, олар әйтеуір 
түптің түбінде жағымсыз іске бой алдырады. Сондықтан ата-
ана дүниенің соңына түсіп, бала тәрбиесінен қол үзбеуі керек. 
Оларды әке-шешесі бар жетімдердің қатарына қосып, өз алды-


14
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
на жібермеу қажет. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Балаларыңа 
қамқорлық көрсетіп, жақсылап тәрбиелеңдер», деп бұйырған. 
Тәрбие негіздерінің алғашқысын өзіне деген сүйіспеншіліктен 
бастаған. Сондықтан мұсылман жанұяның басты міндеті, ең 
алдымен, Хазіреті Пайғамбарға деген сүйіспеншілікті үйрету. 
Оған деген сүйіспеншілік оянбаса, өзгелерге сүйіспеншіліктің 
пайдасы шамалы болмақ. Бұл тұрғыда Хазіреті Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) былай деген: «Сендерді шексіз ризықтандырған Аллаһ 
Тағаланы жақсы көріңдер. Мені Аллаһ Тағаланы жақсы 
көргендерің үшін жақсы көріңдер, туған-туыстарыңды мені 
жақсы көргендерің үшін жақсы көріңдер». Ол өзіне және әһлі 
бәйтіне отбасына деген сүйіспеншіліктен кейін балаларды 
Құран оқуға деген ынта-жігерін арттыруды атаған. Міне, осы 
аталғандарды баланың жүрегіне орнықтырып, оңды нәтиже 
беру үшін ең алдымен анаға көп міндет жүктеледі, яғни ананың 
хадиске лайықты болуы шарт. Орай келгенде Аллаһтың сүйікті 
құлының басынан өткен мына өнегелі оқиғаны айта кетелік. 
Пайдалы болады деген үміттемін. Аллаһтың сүйіспеншілігіне 
бөленген таныс кісінің қалын сұрап барғанымызда бізге былай 
деген еді.
Бала кезімде ата-анам мені мектепке оқысын деп жіберетін. 
Бір күні анамның аяқ-киімімнің табанын тазалап жатқанын 
көрдім де таңырқап:
«Ана, не үшін табанын тазалап жатырсыз?» - дедім.
Анам:
- Құлыным, сен білім алу үшін мектепке бара жатқаныңда 
періштелер қанатын сенің табаныңа жаяды. Олардың қанаттары 
кірленбесін деп жатқаным ғой, - деді.
Хазіреті Пайғамбар: «Кімде-кім Құранды оқып, ондағы 
айтылған әмірлерді мұқият іске асырса, қиямет күні Аллаһ 
Тағала оның әке-шешесінің басына тәжі кигізеді. Тәждің жарығы 
сондай күннің жарығынан әлдеқайда жарық. Құранмен амал 
еткеннің жөні бір бөлек» деген.


15
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Ей, мұсылман ханым! Дүниенің өткінші қызығына емес
ақыреттің таусылмас қызығына көңіл бөл! Сондай-ақ Құранды 
үйреніп, онымен амал жасаған балалардың себебімен жұмақтың 
патшасы деген сый-сияпатқа ие болатыныңды ұмытпа! Хазіреті 
Пайғамбардың өз қолымен басыңа кигізген тәжін алып тастама!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет