Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
40hadis

�������������
Үш топ әйел
Мағынасы:
Абдуллаһ бин Омардың (р.а.) айтуынша Хазіреті 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әйелдер үш топқа бөлінеді: Бірін-
ші топтағы әйелдер қап секілді, құрсақ көтереді әрі босанады. 
Екінші топтағы әйелдер – жалқау әйелдер. Үшінші топтағы 
әйелдер – көңілді құрсақ көтеретін иман жүзділер. Күйеуіне 
иман тұрғысынан жәрдемші болады. Мұндай әйелдер күйеуі 
үшін қазынадан да қайырлы» деген 
(Кәнзул-Уммал, хадис 44591).
Хадиске түсініктеме:
Адамдар әр түрлі қабілетте жаратылған. Осы шындықты Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у.) былайша баяндайды:
«Аллаһ Тағала Адам атаны жер бетіндегі барша топырақтың 
түр-түрінен алынған бір уыс топырақтан жаратқан. 
Сондықтан адамдар әртүрлі қалыптасқан: кейбірі қара, кейбірі 
ақ кейбірі сарғыш, кейбірі осылардың барлығына ортақ түсте 
жаратылған. Мінездері жағынан да көңілді, тыңлы, жаман-


16
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
жақсы қабілетте болуының себебі де осында жатыр».
Бұл жайлы Хазіреті Омар (р.а.) Самура бин Жудептен риу-
аят етілген сөзінде былай деген: «Еркектер де әйелдер де үшке 
бөлінеді. Әйелдерге келер болсақ; бір бөлімі арлы, иман жүзді 
және мейрімді әрі бала сүйетіндер. Қиын қыстау кезеңдерде 
күйеуіне сүйеніш болып, жәрдем береді. Бірақ, мұндайлардың 
саны өте аз. Екінші бөлімдегі әйелдер тек бала табудан басқа 
ештеңе білмейді. Ал қалған бөлімдегі әйел болса өте жалқау әрі 
істеріне салқын қарайды. Аллаһ Тағала мұндай әйелді қалаған 
құлына береді, қалаған кезінде ол әйелді күйеуінен ажыратып 
алады».
Жаман әдет пен мінез-құлықтың өзгеретіндігі жайлы аяттар-
да, көптеген ғалымдардың зерттеулерінде және тәжірибелерінде 
көптеп айтылған. Сондықтан жағымсыз қылықтарымыздан 
арылып, Аллаһтың сүйікті құлы болуға тырысуымыз керек. 
Жанұядағы кез-келген мәселеде Аллаһтан жәрдем сұрап
Оның әміріне мойынсұну керек. Адам баласының пешенесіне 
жазылған тағдыры бар, яғни шектеулі өмірі бар. Уақыт келе 
бұл берілген мерзім бітіп, о дүниеге аттанамыз. Үйлену, бәлкім, 
тағдырдың сылаң қағу жақтары шығар.
Бір күні Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) үйленгісі келген бір 
жігіт келіп былай дейді:
«Уа, Аллаһтың Елшісі! Үйленетін уақытым жетті, маған 
лайықты қыз нәсіп ету үшін дұға жасайсыз ба?
Хазіреті Пайғамбар:
Егер саған Исрафил, Жәбрайл, Микайл және өзге періштелер 
дұға қылса, мен де соларға қосылып дұға қыламын. Бірақ Аллаһ 
Тағаланың сенің пешенеңе жазғанынан басқаға үйлене алмайсың
» 
деп жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет