Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
40hadis

1. Куфру-жәһил. Надандықтың кесірінен күпір сөз айтып 
Аллаһқа қарсы шығу.
2. Куфру-инади. Исламның хақ дін екендігін біле тұра мой-
ымай қабыл етпеу.
3. Куфру-хукми. Шариғаттағы тыйым салған күпірлікке 
бой алдыру.
Осылардың алғашқы екеуі адамды имандылықтан 
шығарады. Соңғысы болса иман келтіргеннен кейін де иманнан 
шығарады. Үшінші жайт мұсылмандарға тікелей байланысты. 
Иман нұрына бөленгеннен кейін оны сақтай алмай айырылу 
өте аянышты жайт. Мұндай жолға түсу көбіне ғапылдықтың 
салдарынан айтылған сөздердің кесірінен туындайды. Орын-
сыз көп сөйлейтін адамдар көбінесе жан-жағындағы адамдарды 


34
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
күлдіріп, солардың ықыласына бөленемін деп, аузына келгенін 
оттап қояды. Сөйтіп, сол жағымсыз сөздердің кесірінен иманы 
әлсіреп, тіпті иманнан айырылуға дейін барады. Сондықтан 
бекер әзіл-оспаққа мұқият болу керек. Дін тұрғысынан 
айтарлықтай әсері болмағанның өзінде, иман жүзді адамның 
шектен тыс әзілге берілуі дұрыс емес. Хазіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.): «Жөнсіз әзілдесуден сақтаныңдар. Өйткені, орынсыз 
әзіл мүминнің абыройы мен батыл келбетін жұрдай қылады» 

деген.
Мұсылманның әзіл айтуына болады бірақ шектен шықпау 
шартымен. Олай болмаған жағдайда тас жарамын деп бас жа-
рып алуы мүмкін.
����������������
Қайғы-қасіретке дұшар болғанда айтылатын сөз
Мағынасы:
Умму Сәлама былай деді: Мен Хазіреті Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) былай дегенін естідім: «Басына қайғы түсіп: «Біз 
Аллаһтан келдік. Қайтадан Оған қайтамыз». Аллаһым қайғы-
қасіретімнің орнына маған сауап бер. Осының артынан бұдан 
қайырлысын нәсіп ет» деп, дұға қылғандардың барлығының ті
-


35
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
легі орындалады.
Умму Сәлама былай дейді: «Күйеуім дүниеден өткенде Ха-
зіреті Пайғамбардың (с.а.у.) үйреткен осы дұғасын оқыдым. 
Нәтижеде Аллаһ маған ең қайырлы нәрсені нәсіп етті» 
(Мүслим, 
Жәнайз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет