Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
40hadis

Хадиске түсініктеме:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) қайғыны былайша түсіндіреді: 
«Мүминге ауыртпалық түсіретін нәрсе қайғы болып есептеле-
ді». Бір күні Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) шамы өшіп қалғанда 
(иннә лилләһи уа иннә иләйһи ражиун) деген екен. Мұны есті-
ген Айша: «Бұл жай ғана шам ғой» қайғыға қандай қатысы бар 
дегенде Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Жамандық әкелген барша 
нәрсе мүминге қайғы болып есептеледі» деген.
Қайғы келген сәтте Бақара сүресінің 
(иннә лилләһи уа иннә 
иләйһи ражиун) 156-аятын оқуды «истиржа» деп айтамыз. Яғни 
«Біз Аллаһтан келдік, қайтадан Оған қайтамыз» деген мағынаны 
береді. Бұл сөздер арқылы барлық нәрсенің тіпті жанымыздың 
да Аллаһтікі екенін айтқан боламыз. Сайд бин Жубәйр былай 
дейді: «Осы үмбетке берілген мұндай нығмет басқа үмбеттерге 
берілмеген. Егер осы нығмет Якуб пайғамбарға (ғ.с.) берілген-
де жоғалтып алған баласы Жүсіпті (ғ.с.) қайғырып іздемей, осы 
аятты оқыған болар еді».
Иман жүзді әйелге Раббысының жанында күнәсіз болғанға 
дейін өзіне әрі туыстарына қайғы келіп отырады. Оның ең 
үлкен қайғысы күйеуінен айырылуы. Мұндай сәттерде Умму 
Сәламаның жағдайын әрі Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) оған 
үйреткен дұғасын естен шығармау қажет. Қолдан келгенше са-
быр сақтап, мазасыз күйге түсіп жүдеуден сақтану керек.


36
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
����������������
Күйеуінің ризалығына бөленген әйел
Мағынасы:
Умму Сәламаның (p.a.) риуаят еткен хадисінде Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Қандай да бір әйел, күйеуінің 
разылығына бөленіп дүние салар болса, жұмаққа кіреді»
(Тирмизи, 
Рида 1161).
Хадиске түсініктеме:
Әйел болсын, еркек болсын әрбір мұсылманның ең үлкен 
мақсаты Аллаһтың разылығына бөленіп жұмаққа кіру болып 
табылады. Бізге жүктелген барлық құлшылықты орындау біз-
ді жұмаққа жетелейді. Ал өткінші дүниедегі басымызға түскен 
қайғы мен қиыншылықтар Аллаһтың құзырына тән, күнәсіз 
ретінде баруымызға себепші болады. Мұсылман әйелдің 
жұмаққа кіруіне себепші болатын бірден бір жолы: Аллаһтың 
әмірін орындап күйеуінің ризалығына бөлену. Әйел заты үшін 
Аллаһтың әмірін орындағаннан кейін күйеуінің ризалығын 
табу басты мақсат болу қажет. Яғни, әйел заты үшін Аллаһтың 
ризалығы секілді күйеуінің разылығы да өте маңызды.
Әбу Умамәдан риуаят етілген хадисте былай делінген: Бір 
әйел екі баласын ертіп Хазіреті Пайғамбарымыздың алдына 
барады. Ол бір баласын құшағына алып, екіншісін жетектеп 
келеді. Мұны көрген Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: 
«Әйелдер балаларын қарнында көтеріп жүреді, босанады да оған 
мейірімін түсіреді. Егер олар күйеуіне бәлекет болып жабыспаса 
олардың намаз оқығандары жұмаққа кіреді».
Күйеуінің ризалығына бөленіп дүние салған әйел жұмаққа 


37
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
кіреді деген сөзден мынаны түсінуімізге болады: Оларды 
жұмаққа алғашқы болып кіретіндердің қатарына қоса аламыз. 
Өйткені күнәһар мүминдер тозаққа кірсе де нәтижеде Ұлы 
Жаратушының кешірімімен жәннатқа кіреді. Ал күйеуінің 
ризалығына бөленген әйел азаптанбай-ақ жұмаққа қауышады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет