Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


«Үйлеріңде  отырыңдар. Исламнан бұрынғы қылықтарыңдай сәнденіп



Pdf көрінісі
бет44/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
40hadis

«Үйлеріңде 
отырыңдар. Исламнан бұрынғы қылықтарыңдай сәнденіп
дене көріктеріңді көрмеге шығарушы болмаңдар», - деп шеге-
лейді 
(Ахзаб сүресі 33-аят)
.
Қазіргі кездегі Ислами емес, батыстық әдет-ғұрыптарды 
ұстанып отырған қоғамдарда әйелдердің дене көріктерін көзге 
көрсетіп жүрулері әйелге құмар еркектердің зинақорлыққа 
ұрынуына әбден ықпал етуде. Мұсылман әйел бөтен еркектердің 


83
Әйел әдебі
көзіне денесінің көркін көрсетпейді. Ар-намысы мен абырой-
ын сақтайды. Осылайша, қоғамдағы әйел құмарлық дертінің 
жойылуына өз үлесін қосады. Санасы әйел тәнінің көркімен 
уланған еркектер немесе ашық-шашық жүргенді өзіне әдемі деп 
санаған әйелдер мұсылман әйелдерін артта қалған деп санай-
ды. Бірақ, оның жүрегі иман нұрымен толып, Аллаһтан келген 
жолдауға мойынсұнып, өзінің ар-намысы мен абыройын қорғап 
жүргендігінен бейхабар.
Әйел этикасы
Қоғамның жамандықтардан таза, қауіпсіз болуы үшін әйел 
этикасы аса маңызды рөл атқарады. Ол шайтанның құрған 
тұзағынан әлдеқайда алыс. Әрі еркектердің әйелқұмарлық 
дерттерінен айығуы үшін Ислам әйелге тән этика нормаларын 
белгілеген. Олар:
1. Әйелдің үстіне киген киімі шариғаттың белгілеген та-
лаптарына сай болуы керек. Яғни, киімінде азғыру, өзгені ар-
бау, нышанының ықпалы болмау қажет. Ол денесінің көркін 
күйеуінен басқаға жасыруы тиіс. Денесін жұртшылық назары-
на ұсынбайды. Ахзаб сүресінің 59-аятында АллаҺ Тағала былай 
деп бұйырады: 
«Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа 
және мүмін әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін оран-
сын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кемсітілмеулері-
не жақынырақ. Аллаһ Тағала аса жарылқаушы, тым мейірім-
ді». Яғни, жабық жүру әйелдерге парыз екендігі айтылуда. 
2. Еркектерді еліктіретіндей ашық-шашық жалаңаштанып 
жүруіне болмайды. Сондай-ақ, сөзінде де арбау мен қылымсу 
болмауы тиіс. Аллаһ Тағала Құранда Пайғамбар әйелдеріне: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет