87
Әйел әдебі
адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір
қорған. Әрі ол әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл
қасиеттерімен танытатын
нышан. Ең алдымен, әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі
– Құранның тікелей бұйрығы. Әйел болсын, мейлі ер болсын
«мен мұсылманмын» дейтін жан үшін Аллаһтың әмірін аттап
өтуі әсте дұрыс емес. Аллаһтың әмірлерінде адам баласы үшін
тұнған хикметтер мен пайдалар бар. Бірақ, біз олардың парқына
бара бермейміз.
Жартылай жалаңаш киінген
әйелдер еркектерді еліктіріп,
нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген
шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абырой-
дан айырылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк
сәбилер тастанды болып, балалар үйіне тоғытылса,
жылына
саналы түрде қаншама жасанды түсік жасалуда. Тіпті, қазіргі
таңда белең алып отырған проблемалардың бірі – еркектердегі
белсіздіктің бір ұшы да соған тіреледі.
Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «Есті қыз етегін
қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. «Queens әйелдер бюро-
сы» жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әрбір 6 ми-
нут сайын бір зорлау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біре-
уі әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады
екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49 280 зорлау оқиғасы
ресми тіркелген көрінеді. Міне, сондықтан ислам әйел адамға
ашық-шашық киінбеуді
оны төмен санағандықтан емес, қайта
оны қорғап, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған.
Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық
ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздей-
міз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың
асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің ал-
дында ашық-шашық жүргені құптарлық іс емес.
Достарыңызбен бөлісу: