88
Әйел әдебі
Киім киюдің мұндай үлгісі ислам діні әкелген жаңалық емес.
Керек десеңіз, бұл еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон се-
кілді көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Манахем
M.Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің
профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша әйелдерінің орамал
тағуға
тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің
мынандай сөздерін келтірген: «Еврей
қыздарына орамалсыз
сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне
рұқсат еткен еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін
басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің ора-
малсыз, жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан,
иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты
ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойынша, ора-
мал тағу – әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын
білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғары таптағы
әйелдердің қатарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын.
Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Из-
раильде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмей-
тін. Сондықтан зинақор әйелдер өздерін абыройлылардың сана-
тында көрсету үшін арнайы орамал түрін тағатын. Еуропадағы
еврей әйелдері сол жердің тұрақты
мәдениетімен араласа
бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда
Еуропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен, кейбір
еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды.
Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Ев-
рей дінінің «Hassіdіsm» жолын ұстанушылар орамалға балама
ретінде әлі күнге дейін парик киюде.
Християн дінінде:
Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері
орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан ғалымы
бойжеткендердің шашын бүркемелеуге, жабуға байланысты ба-
яндамасында былай дейді: «Бойжеткендер көшеде жүргенде
бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанын-
89
Әйел әдебі
да және өз ер, бауырларыңыздың жанында бастарыңды ашық
ұстамаңдар...». Бүгінгі католик шіркеуінің
ата заңдарында шір-
кеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы
баптар бар. Амиш және Меннонилер
сияқты кейбір христиан
ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын талап ету-
де. Алысқа бармай-ақ, орыс халқының
ұлттық киіміне назар
аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал
тағу Ислам діні әкелген жаңалық емес.
Достарыңызбен бөлісу: