бастапқыда артқы, сосын алдыңғы аяқтарының салдануы және өлімге ұшырауы
байқалады. Өлімге ұшыраған тышқандардың бас миын ИФР, ДПР және
олардан
Бабеш-Негри денешіктерін анықтайды. Аталған әдістермен вирус антигендері
мен Бабеш-Негри денешіктері айқындалса, нәтиже оң, ал 30 тәулік аралығында
өлімге ұшырамаған жағдайда нәтиже теріс деп есептеледі.
Құтырық вирусының идентификациясында диффузиялық преципитация,
комплементті
байланыстыру,
иммунды
флуоресценция
реакциялары,
моноклоналды антиденелер көмегімен қойылатын иммунды ферменттік талдау
және полимеразалық тізбекті реакция қолданылады.
Серологиялық және ретроспективтік балауында иммунды ферменттік
талдаудың жанама қойылымы, гемагглютинацияны тежеу реакциясы, иммунды
флуоресценция реакциясы, бейтараптау реакциясы
мен радиоиммунологиялық
талдау әдістері пайдаланылады.
ШЕШЕККЕ сүт қоректілер, құстар мен жәндіктер шалдығады. Шешек
вирусының біреулері жануарлардың белгілі бір түрлерін
ғана ауруға
шалдықтыратын болса екінші бір түрлері барлық жануарларды ауруға
шалдықтырады. Бұл ауруға шалдыққан жануарлардың клиникалық белгілері
бір-біріне ұқсас келеді. Олардың кілегейлі қабықшалары мен терінің жүні жоқ
жерлерінде
розеола
(қызарады),
папулалар (ісінеді)
мен везикулалар
(күлдіреуіктер) пайда болады. Сонан
соң
везикулалар
жарылып,
қабыршықтанады. Аурудың жайылған
түрінде
жануарлардың дене қызуы
көтеріледі, әлсірейді, азыққа тәбеті
жоғалады,
тері асты клетчаткалары
ісінеді, тауықтардың тыныс жолдары
қабынады.
Шешек
вирусының
вириондарының көлемі 200-390 нм-ге
дейін
жететіндіктен,
жарықтық
микроскоппен көруге болады (41-
сурет).
Шешек қоздырғыштары
ДНҚ-лы бар вирустар тобына,
Poxviridae
тұқымдастығына жатады.
Poxviridae тұқымдас-тығының өзі екі тармаққа:
Chordopoxvirinae – омыртқалы-лар поксвирустарына және
Entomopoxvirinae –
жәндіктер поксвирусына бөлінеді.
Chordopoxvirinae тұқым тармағы 8 туысқа:
Ortopoxvirus, Parapoxvirus,
Avipoxvirus,
Capripoxvirus,
Leporipoxvirus,
Suipoxvirus,
Molluscipoxvirus,
Yatapoxvirus бөлінеді.
Entomopoxvirinae тұқым тармағының үш туысы (
А, В, С)
бар.
Шешек вирусы ауру малдардан сау малдарға түрлі
жолдар арқылы тез
таралады. Экспериментальды жолмен де тез жұғады. Кейбір шешек вирустары
тауық эмбриондарының хорион-аллантоисты қабықшасында некротикалық
түйіндерді түзе отыра көбейе алады (түрлі вирустардың морфологиясы түрліше
болады). Сонымен қатар шешек вирусына тән жануарлардан алынған алғашқы
Достарыңызбен бөлісу: