Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет132/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   146
вирус

41-сурет. Шешек вирионының 
құрылымы 


жасуша өсінділерінде де көбейеді. Шешек вирусының антигендері ИФР мен 
ДПР көмегімен анықталады. 
Шешек ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында 
микроскопиялық зерттеуге, вирустарды бөліп алуға, гистологиялық 
зерттеулерге және ауруды анықтаудың қосымша әдістері ретінде иммунды 
флуоресценция, вирустарды бейтараптау, диффузиялық преципитация 
реакциялары мен иммунды ферменттік талдау пайдалануға негізделген. 
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі қойлар мен ешкілерде – 
8-21 тәулікке (орта есеппен 12 күн), шошқаларда – 10-14 тәулікке, құстарда – 
15-20 тәулікке дейін созылады. Қойлар мен ешкілерде ауру субклиникалық, 
папулезді-везикулярлы (жарақаттары бір-біріне қосылған) және нодулярлы 
(геморрагиялық немесе қара шешек) түрде өтеді. Бұл жағдайда малдар жүдейді, 
анарексия болады, дене қызуы 41-42ºС-ге дейін көтеріледі. Қабақтары ісінеді, 
конъюнктивит, жарықтан қорқады, көздерінен жас ағады, танауларынан 
серозды-кілегейлі сұйықтық ағады, тыныс алуы қиындайды. Шешекке тән 
бөртпе ошақтары қызарып, 1-4 күннен кейін жүні аз жерлерінің терісінде 
(енінде, желінінде, ерінінде, тұмсығында, көз айналасында, құрсағы мен 
аяқтарының ішкі беткейлерінде) жақсы байқала бастайды. 1-2 күннен соң 
қызарған бөртпелер дөңгеленген, тығыз папулаларға айналады. Кейбір 
жануарларда папулалар некрозға ұшырап, құрғап, қабыршаққа айналып, 3-6 
күннен кейін түсіп қалады. Түсіп қалған қабыршақтарының орындары ашық 
қызыл немесе қызғылт түсті болып тыртықтанады. Шешекке шалдыққан 
жануарлардың шамамен 15-25%-ында патологиялық процесс созылып, 3-5 
тәуліктен кейін папулалар везикулаларға айналады. Шешек бөртпелері қатты 
қышып, патологиялық процесс терінің басқа жеріне жайыла бастайды. 
Везикулалар мен пустулалар бір-бірімен қосылып, үлкен іріңді жарақатқа 
айналады. Аурудың бұл ағымдарында дене қызуы қатты көтеріледі, жағдайы 
қиындап, малдардың көпшілігі өлімге ұшырайды. Терілерінде терең 
жарақаттанған жағдайда қан тамырлары зақымдалып, сау терілері, кілегей 
қабықшалары, папулалар, везикулалар мен пустулалар қанталайды. Бөртпелер 
беттері қабынып, іріңді экссудат жиналып, беттері қараяды (геморрагиялық 
түрі). Бұл жағдайда мұрындарынан, тістің қызыл иегінен қан ағады, қан аралас 
іші өтеді. Малдар тез әлсірейді, дене қызуы қатты көтеріледі, организм 
уланады, жүдеп, өледі. Аурудың абортивті түрінде малдардың өлімге ұшырауы 
2-5%-дан 
аспайды, ал геморрагиялық немесе қара шешек түрінде 
жануарлардың өлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бөртпелер негізінен 
желін терісінде болады, ал лақтарда ауыз және мұрын қуыстарының кілегейлі 
қабықтары зақымдалады.
Шошқаларда везикулалар өте сирек пайда болады. Оларда папулалар 
бірден пустулаға ауысады. Сарғылт-сұр түсті пустуланың іші іріңді затқа 
(некрозға ұшыраған ұлпаларға) толы болады, кейде олар бір-бірімен қосылып, 
диаметрі 2,5 см-ге дейін жетеді.
Шешекке шалдыққан құстардың жалпы күйі нашарлайды, әлсірейді, 
жұмыртқалау қабілеті күрт төмендейді. Ауру ағымы дифтериялық, терілік және 
трахеальды формада өтеді. Дифтериялық формада – ауыз және мұрын 


қуыстарының, көздің кілегей қабықшалары зақымдалады. Терілік формада – 
айдары мен сырғасында, ауыз бұрыштарында, қабағында, желкесінде, аяқтары 
мен клоака айналасында бозғылт-сары түсті дақтар пайда болады. Кейінірек 
ондай дақтар қою қызыл түсті қатты қабыршыққа айналады. Бір-біріне жақын 
орналасқан шешек бөртпелері қосылып кетеді. Трахеальды формада – 
қабынулар трахеяның жоғарғы бөлігінде байқалады.
Патологоанатомиялық өзгерістер клиникалық белгілерінің пайда болуына, 
жануарларды түрлеріне, аурудың ағымы мен ұзақтығына, сонымен қатар 
аурудың асқынуына немесе аралас инфекцияның болуына байланысты болады. 
Өлексе жүдеу, сусызданған, жүндері тікірейген, терісі әр түрлі сатыдағы 
экзантемаға ұшыраған. Ауыз, мұрын, трахея, үлкен қарын, ұлтабар кілегей 
қабықтарында, қынабы мен ұрық бездерінде, желін үрпілерінде эрозия мен 
жаралар байқалады. Өкпесінің беткейінде лимфа бездеріне ұқсас көптеген 
сұрғылт-ақ түсті ошақтар, жиі жағдайда крупозды пневмония мен гангренаға 
ұшыраған бөліктері байқалады. Лимфа бездері ұлғайған, гипрермияланған, 
серозды қабықшалары ісініп, қанталаған. Бауыры, жүрегі мен бүйректерінің 
паренхиматозды дегенерацияланғандығын көруге болады.
Дифференциалдық балауы. Шешек ауруын аусылдан, везикулярлы 
стоматиттен, қой мен ешкілердің контагиозды эктимасынан, қойлардың 
катаральды қызбасынан, ұсақ малдар обасы мен жұқпалы емес экзема 
этиологиясынан; құстардың инфекциялық ларинготрахеитінен, пастерелезінен, 
аспергиллезі мен респираторлы микоплазмозынан; шошқалардың везикулярлы 
ауруы мен везикулярлы экзантемасынан, энзоотиялық бронхопневмониясынан, 
қышымадан ажырату қажет. 
Зертханалық 
балауы. 
Шешек 
вирусын 
бөліп 
алуға 
және 
идентификациялауға қажетті материал ретінде теріде пайда болған 
бөртпелері, өкпенің зақымданған ошақтары мен қан сарысулары алынады. 
Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін жаңадан пайда болған 
папулаларды алғаннан кейін кесіндінің ішкі жағынан зат шыныларына 
жағынды жасап, бекітіп, М.А. Морозов әдісімен бояйды. Боялған жағындыны 
микроскоппен қарау нәтижесінде ұсақ, кокктардың таза өсінділері тәрізді – 
элементарлы денешіктерді көруге болады. 
Жағындыларды М.А. Морозов әдісімен бояуда 3 түрлі ерітінді 
қолданылады. 
№1 ерітенді (Руге сұйықтығы): 1 мл сірке қышқылының концентраты, 2 мл 
формальдегидтің 40%-ды ерітіндісі және 100 мл дистилденген су. 
№2 ерітінді: 5 г таза танинді 100 мл дистилденген суда ерітіп, оған 1 мл 
карбол қышқылын (фенол) қосады.
№3 ерітінді (аммиакты күміс ерітіндісі): 5 г азот қышқылды күмісті 1 мл 
дистилденген араластырады. Оның 10:1 бөлігін алып тастайды да, қалғанына 
25%-ды аммиак ерітіндісін тамызу арқылы қосады. Бастапқыда қара түсті 
сұйықтықтың түсі аздап лайланғанға дейін тамызады. Сұйықтық мөлдірленіп 
кеткен жағдайда оған азот қышқылды күмісті қайта тамшылату арқылы қосады. 
Дайын 
болған 
ерітіндіні 
1:10 
қатынасында 
дистилденген 
сумен 
араластырғаннан кейін препараттарды бояуда пайдаланады. 


М.А. Морозов бойынша бояу тәсілі: жағындыны №1 ерітіндімен 3-5 минут 
өңдеп, дистилденген сумен шайғаннан кейін №2 ерітіндіні тамызғаннан кейін 
1-2 минут бойы аздап қыздырады (бу пайда болғанға дейін) да, дистилденген 
сумен қайтара жақсылап шаяды. Сонан соң №3 ерітіндімен жағынды қою-
қоңыр түске боялғанға дейін аздап (1-2 мин) қыздырады да, дистилденген 
сумен шайып, ауада кептіреді. Иммерсиялы май тамызып микроскоппен 
зерттеу барысында сары түсті аяда ұсақ дөңгеленген немесе сопақша келген 
қою-қоңыр түсті денешіктер көрінеді. Денешіктер топтасып, қатарласып немесе 
диффузиялық массаларды түзіп орналасады. Осы денешіктер шешек вирустары 
болып табылады. 
Биосынама әрдайым табиғи сезімтал жануарлар мен сол жануарлардан 
алынған тұрақты жасуша өсінділерінде қойылады. Шешек вакцинасы вирусы
сиыр мен жылқы шешегінің вирустарына қояндар сезімтал, ал тауық 
эмбриондары болса, тауық шешегі вирусымен қатар шешек вакцинасына, сиыр 
шешегі мен көгершін шешегінің вирустарына да сезімтал келеді. Барлық шешек 
вирустары 
дермотропты, 
сондықтан 
оларды 
тері 
ішіне 
немесе 
скарификацияланған тері беткейіне, сонымен қатар тауық эмбриондарының 
хорионаллантоисты қабықшасына жұқтырады.
Әтештердің скарификацияланған айдарына, қауырсын фолликулаларына 
жұқтыруға болады. Ол үшін құстың айдарының бетіне иньекциялық иненің 
немесе сынған Пастер түтігінің көмегімен сызат жасап вирустық материалды 
жұқтырады. Әтеш сирағының қауырсындарын жұлып, жалаңаштанған 
фолликулаларға вирус суспензиясын тампонмен немесе щеткамен жағады.
Жұқтырылған материал құрамында вирус болған жағдайда тауықтардың 
айдарында шешекке тән бөртпелер 5-7-тәулік аралығында, ал сирағында 
фолликулиттер пайда болады.
Шешек вирусының индикациясы мен серологиялық идентификациясында 
иммунофлюоресценция, диффузиялық преципитация реакциялары және 
иммунды ферменттік талдау тәсілдері қолданылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет