Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Paramyxoviridae
тұқымдастығына,
Rubulavirus туысына жатады. Ньюкасл ауруын ең алғаш
Кранвельд 1927 жылы Ява аралында анықтап, ол туралы жазған.
Вирион
күрделі, пішіні полиморфты – көбінесе сфера тәрізді, көлемі 120-180 нм болып
келеді. Ньюкасл ауруы вирусының патогенді
және апатогенді штамдарының
барлықтарының құрамында 6 түрлі белоктар болады және иммунологиялық
қасиеттері жағынан біртекті болып келеді. Ньюкасл вирусы көгершін, тауық,
күрке тауық, теңіз шошқаларының, ал кейбір штамдары ірі қара, қой ешкі
шошқа мен жылқы эритроциттерін гемагглютинирлеуші қасиетке иемденген.
Ньюкасл вирусының төзімділігі сыртқы орта
жағдайларына байланысты
болады. Күн сәулесі коздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен,
олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада
және мұздатылған жағдайда вирустың белсенділігі екі жыл бойы, ал қоршаған
ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін сақталады. +56
о
С-де вирустың
патогендік, гемагглютиндеу мен иммуногендік қасиеттері бұзылады.
Дезинфекциялаушы заттардың ішінен күйдіргіш натрийдің 2-3%-ды ыстық
ерітіндісі, 1-2%-ды формальдегид, 3%-ды хлорлы әк, 4-5%-ды ксилонафт
ерітінділері вирусты бірнеше минутта өлтіреді.
Тауықтардың Ньюкасл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана
жағдайында
вирустарды
бөліп
алуға,
оларды
индикациялау
мен
идентификациялауға, организмде түзілген антиденелердің деңгейін анықтауға
негізделген.
Клиникалық балауы. Вирустың организмге ену жолына, құстардың жасы
мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 күннен 15 күнге
дейін созылады. Вирус организмге алғаш енгенде жіті (кей
жағдайда жітілеу
және созылмалы), типтік және атиптік формада өтеді. Аурудың ошағы жылдың
кез келген мерзімінде шығуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: