Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет143/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
вирус

Аурудың жіті ағымында құстардың дене қызуы 43-44
о
С-ге дейін 
көтеріледі, қысылады, азыққа тәбеті болмайды, мойынын созып, тұмсығын 
ашып тыныс алады, тыныс жолдарының экссудатқа толуынан құстарға тән 
шаңқылдаған, әлсіз шиқылдаған дыбыс шығарады, сырыл пайда болады, тыныс 
жолдарында жиналған экссудатты шығаруға тырысып түшкіреді. Ауруға 
шалдыққан құстардың 40-70%-ында жемсауының ұлғаюы байқалады, ауыз 
қуысынан жағымсыз иісі бар сұйықтық ағады. нәжісі сұйық, кілегей, қан және 
өт араласқан болады. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан бастары 
қалтылдайды, мойындарын бұрап, басын біресе арқасына біресе бауырына 
апарады, қанаттары мен аяқтары салданады. Аурудың бастапқы 4-5-ші күндері 
балапандардың өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді. Ересек тауықтардың ауру 
белгілері кештеу байқалып, жұмыртқалауы 50%-ға дейін төмендеп кетеді, 
жүйкесі зақымдалады, ұйқышылдық тартып тұрады, бұлшық еттері дірілдейді, 
көпіршікті қан араласқан жасылтым түсті іші өтеді. Қанаттары мен аяқтарының 
салдануы, кератоконъюнктивит байқалып, құстардың 90-100%-ының өлімге 
ұшырауы мүмкін. 
Аурудың типтік (кәдімгі) формасы көбінесе вакцина егілгеннен кейінгі 
иммунитет қалыптаса қоймаған кезеңдегі 20-30 күндік балапандарға тән. 


Атипті формада ауруға тән клиникалық белгілер байқалмайды немесе 
ауру ағымы жеңіл түрде өтеді. Ол негізінде тауық ағзасына енген вирус 
уыттылығының әлсіз болуынан, иммундық қорғаныс қабілетінің күштілігінен 
немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.   
Патологоанатомиялық балауы. Ньюкасл ауруына шалдыққан құстарда 
патологоанатомиялық өзгерістер аурудың түрлеріне байланысты құбылып 
отырады. Өлексенің айдары мен сырғалары көгерген болады. Аурудың жіті 
ағымынан өлген құстардың ас қорыту органдарына қан құйылған болады. Тоқ 
ішектің ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі 
қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі қабығында ұсақ дақ түрінде 
немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді. Сонымен қатар, лимфойдты 
ұлпаларында некротикалық ошақтар мен жаралар байқалады. Тыныс мүшелері 
зақымданған жағдайда құстардың басы ісінген, көмейі мен кеңсірігі қызарып, 
таңдайы сілекейленген, кеңірдек пен өкпе қабынған болады. Көк бауыры 
ұлғайған, теңбілденген, бозғылт тартып тұрады. Некротикалық гепатит 
байқалады. Жүрек бұлшық еттеріне қан құйылған, ішіне экссудат жиналады. 
Бас миы ісінген және гиперемияланған болады.
Аналық безі гиперемияланған, 
ісінген немесе атрофияланған.
Дифференциалдық балауы. Ньюкасл ауруын құстардың тұмауынан, 
жұқпалы ларинготрахеиттен, пастереллезден, шешектен (дифтериялық 
формасынан), хламидиоздан (пситтакоз), респираторлы микоплазмоздан, 
жұқпалы бронхиттен, спирохетоздан, уланулар мен гиповитаминоздан ажырату 
қажет. 
Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде өлімге 
ұшыраған немесе өлтірілген құстардың бас миы, жілік майы, ішектері, көк 
бауыры, өкпесі, бауырын, саңғырығы және қан сарысулары, трахея мен клоака 
шайындылары алынады. Алынған патологиялық материалдарды мұз салынған 
термосталға салып зертханаға жөнелтеді. Вирустарды бөліп алу үшін ауру 
ошағы шыққаннан бастап, патологиялық материалды 3-5 күн аралығында алу 
қажет. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды стерильді 50%-ды глицериннің 
дистильденеген судағы ерітіндісіне салыуға болады. Трахея мен клоака 
шайындыларын +4
о
С салқындатылған жағдайда ұстаған жөн.
Вирустарды өсіру. Ньюкасл ауруының вирусы 9-11 күндік тауық 
эмбриондарының хориаллантоис қабықшасында, тауық эмбриондарының 
фибробласттарынан алынған жасушалар мен басқада алғашқы және тұрақты 
жасуша өсінділерінде (ВНК-21, Нер-2) өсіруге болады.
Жұқтыратын материалдың 0,2 мл-ін кемінде 10 дана болатын 9-11 күндік 
тауық эмбрионының аллантоис қуысына стандартты әдіспен енгізіп, 72 сағат 
бойы +37,5
о
С температураға реттелген термостатта инкубациялайды. 72 
сағаттан кейін өлген эмбриондарды +4
о
С-та тоңазытқышта ұстаса, қалғандарын 
термостатта 120 сағат ұстағаннан кейін алады. Өлген және тірі тауық 
эмбриондарының 
аллантоис 
сұйықтықтарын 
алып, 
вирустың 
гемагглютинациялаушы қасиетін және олардың патогенділігін ГАР-да 
анықтайды. Вакциналанған құстардың арасынан вакциндік штамдарды (Н, La 
Sota, Бор 74, т.б.) да бөліп алуға болады. Әдетте патогенді штаммдардың 
гемагглютинациялаушы қасиеті төмен, 1:16-1:128-ге дейінгі титрді құраса, ал 


вакциндық штамдарының гемагглютинациялаушы белсенділігі жоғары, яғни 
олардың титрі 1:256-1:2048-ге дейін жетеді.
Ньюкасл 
вирусымен 
жұқтырылған 
тауық 
эмбриондарының 
фибробласттарынан алынған жасуша өсінділеріндегі цитопатогендік өзгерістер 
48-60 сағаттан соң байқалып, олардың телімділігі гемадсорбция реакциясы 
арқылы айқындалады. Мұндай вирустардың өсінділеріндегі вирустардың титрі 
1:32-1:128-ден аспайды.
Биосынама 6 айлық балапандарда жүргізіледі. Патологиялық материалды 
немесе вирусты балапандардың клоакасына немесе көзіне тамызу арқылы 
жұқтырып, 10 күн бойы бақылап отырады. Осы уақыт аралығында өлімге 
ұшыраған балапандарды жарып сойғанда олардың трахеясы мен жемсауында 
нүктелі қан құйылулар, некротикалық ошақтар мен ісіктер пайда болады, соқыр 
ішегіде, пейеров түйіндағы мен клоакасының кілегейлі қабығында жаралар, 
аналық безінің аймақтарында қабынулар байқалады
Ньюкасл ауруы вирусының индикациясында иммунды ферменттік талдау, 
полимеразалық-тізбекті 
реакциясы 
мен 
гемагглютинация 
реакциясы 
қолданылады.
Вирустардың серологиялық идентификациясында гемагглютинацияны 
тежеу реакциясы, бейтараптау реакциясы, комплементті байланыстыру 
реакциясы, иммунофлуоресценция реакциясы, жанама гемагглютинация 
реакциясы пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет