Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет35/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   146
вирус

ҚҰТЫРЫҚ (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды 
полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. 
Тарихи деректер. Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса 
бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавилонның б.д.д 2300 жылы жасалған заңдар 
жинағында кездеседі. Демокрит (б.д.д 5-ғ) иттің құтырығын жан-жақты баяндаса. Аристотель 
(б.д.д. 4-ғ) әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазды. 
1.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында әмір Темірдің (14 ғ) Алтын Орданың болашақ ханы 
Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласы өртетіп жібергені суреттелген. 
Құтырған иттің сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 ж. 
Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В. 
Гальте (1879-1881) үй қоянына құтырық жұқтырып. Қойды ауырған жануардың сілекейімен 
иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л. Пастер (1881-1889) үй қоянының миынан 
бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүние жүзіне әйгілі 
вакцинасын алды. Құтырықтың қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 ж. 
Ремленже мен Риффат-бей дәлелдеді. Румын ғалымы В. Бабеш (1887) және итальяндық А. 
Негри (1903) кейіннен В. Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан 
жануардың миының нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты. 
Қоздырушысы – Pabies Lyssavirus – рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар 
туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 
180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір 
торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-
антиген (капсид нуклеопротеиді) – барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген 
(вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид) вирустың әрбір жеке типтеріне тән. Соңғы 
антигенге байланысты құтырық вирустері 4 сероварға бөлінеді. Індет кезінде кездесетін және 
лабороториялық құтырық вирустарының көпшілігі бірінші сероварға жатады. Басқа 
сероварлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған. 
Төзімділігі. Құтырық вирусы 60 градус кезінде 10 мин. өткенде, 100 градуста бірден 
белсенділігін жояды. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазытылып қатырылған мида 
айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданылып 
жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, 
формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен айырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет