Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет38/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146
вирус

Жабайы ет коректілер құтырған кезде адамнан қорқуды қойып, өшпенділігі артады. 
Әсіресе құтырған қасқыр мен қорқау қасқыр өте қауіпті болады. Жабайы жыртқыштарда үй 
жануарларындай гидрофобия (судан сескену) болмайды. Өршіген кезеңінде олар үлкен 
өзендерден де жүзіп өтеді. Құтырған түлкі мен қарсақ тапа-тал түсте елді мекендерге келіп, 
иттермен таласады, кісіден қашпайды. Түлкі мал қораларға, мал отарларына кіріп малға 
шабады. Салдану басталған кезде мұндай жыртқыштар жүре алмай, жатып қалса да, ит пен 
адамға ұмтылып, тістеп алуы мүмкін. 
Сиырда құтырықтың салданған түрі жиі кездеседі. Бұндай жағдайда аурудың көтерілу 
белгілері байқалмайды. Жануар табыннан бөліне береді, күйіс қайтаруы тоқтап, жұтынуы 
қиындайды, сілекейі ағып, мөңіреген кезде дыбысы жөнді шықпайды, жүргенде шатқаяқтап, 
теңселеді. Таз қарынның атониясы, іш қату жиілейді. Содан соң аяқтары салданады. Өршіген 
құтырық кезіңде бас жібін үзіп кетуге тырысып, бұлқынады, дыбысы әлсіреп, бастырылып 
мөңірейді, басын кекжитіп, аяғымен жер тарпиды, қоршауды бұзып өтуге тырысады. Итке, 
мысыққа деген өшпенділігі білінеді. Сілекейі шұбырып, терлеп, несеп пен нәжіс шығаруға 
ыңғайлана береді, кейде жыныстық қозу белгілерін байқатады. Әбден болдырып барып 
құлайды да, тыпырлай бастайды. Біртіндеп жағы, тілі жансызданып (тілі салбырап, сілекейі 
шұбырады), артқы, соңынан алдыңғы аяқтары салданады. 3-6 күн өткенде жаны шығады. 
Қой мен ешкіде де өршіген құтырық кезінде басқа жануарларға әсіресе итке өшпенділігі 
байқалады. Ауырған малдар тістерін шықырлатып, аяғын тарпынып, сүзісе береді. Әдетте 
жыныстық қозу белгілерін береді. Сілекейі шұбырып, денесі салдана бастайды. Екінші күннен 
бастап-ақ денесінің артқы жағы бұлғалақтап кенеттен құлап қалады. Құтырықтың салданған 
түрі көтерілу және өшпенділік белгілерінсіз өтеді. 
Жылқыда аурудың өршіген түрінің бірінші белгілері үркектік, мазасыздану, кейде 
тістелген жерін үйкеу. Несеп шығаруға бейімделген сыңайы жиілейді, тышқаншық тигендей 
қипалақтай береді. Көтерілу белгілері шылбырын үзіп босануға тырысуы, өшпенділігінің артуы 
арқылы білінеді. Кейде жыныстық қозу байқалады. Көтерілу жабырқауланумен алмасады, 
жануар мүлгіп тұрады. Жұтынуы қиындап, кісінеген дыбысы булығып шығады, аузынан 
шұбырып сілекей ағады. Бастың, әсіресе жағының бұлшық еттері бүлкілдеп, дірілдеп тұрады. 
Ауру басталған соң 2-3 күннен кейін артқы аяғы салданып, сүйрете басады, біртіңдеп бүкіл 
денесінен жан кетіп, 3-4 күн ішінде өлін кетеді. Жабайы жыртқыштардан жұққанда ауру 
салданған түрінде өтеді де, көтерілу кезеңі байқалмауы мүмкін. 
 Паталогоанатомиялық өзгерістердің құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері 
болмайды, клиникалық белгілерімен қоса қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық 
маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. 
Басындағы, мойнындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан 
іркілген. Қарны бос, ет қоректі жануарлардың қарнында жеуге жарамсыз заттар болады. Күйіс 
қайтаратын жануарлардың дүңгіршек және жалбыршақ қарындарында тығызданған жын 
болады. Кейде қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қабынып, кей жерлері қанталаған. Ми 
мен ми қабықтары домбығып әр жерінде қанталанған өте ұсақ нүктелер кездеседі. 
Мида шашыранды іріңсіз энцефалитке тән мынандай гистологиялық өзгерістер: 
гиперемия, қантамыры маңындағы ұсақ қанталаулар, мезенхима элементтерінің көбеюі 
ұшырасады. Диагноз қою үшін нейрондардың цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктерін 
табудың маңызы зор. Олардың тұрқы дөңгелек, сопақша, үшбұрыш немесе ұзынша, мөлшері 
0,5-30 мкм, саны мен мөлшері аурудың ұзақтығына байланысты. Егер жануар аурудың 
бастапқы кезеңінде өлтірілсе бұл денешіктер табылмайды. Жабайы ет коректілер тарататын 
құтырық кезінде Бабеш-Негри денешіктері өте сирек ұшырасады. 
Балау. Алдын ала диагноз індеттік және клиникалық белгілері бойынша қойылады. Осы 
жердегі және көршілес территориядағы індеттік жағдай ескеріледі. Анамнезі бойынша 
құтырған немесе күдікті жабайы жыртқыштар мен иттің қапқаны немесе жанасқаны 
анықталады. Клиникалық белгілерінің ең маңыздысы – ешбір себепсіз өшпенділік білдіруі, 
денесінің салдануы. Клиникалық-індеттанулық диагноз адамдар мен жануараларға ауру жұғуын 
сақтандыратын жедел шаралар жүргізуге негіз болады, бірақ оны лабораториялық зерттеу 
арқылы түпкілікті анықтау керек. 


Зертханаға малдың басын, ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жібереді. Өлексе мен басты 
екі қабат полиэтилен қапшықпен металл контейнерге немесе су өткізбейтін ыдысқа салып, ал 
миды (жаңадан алынған немесе 30-50% глицеринмен консервіленген) мұқият жабылған банкіге 
салып, жәшікпен жеткізеді. Зертханада миды микроскоппен қарап, Бабеш-Негри денешіктерін 
іздейді. Олар табылмаса да құтырыққа тексеру тоқталмайды. Құтырық антигенін табу үшін 
диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР) қойылады, бұл реакциямен шіріген миды да 
тексеруге болады. Оның нәтижесі теріс болғанда да құтырық емес деген қорытынды 
жасалмайды. Мұндай жағдайда флуоресценциялаушы антидене әдісі қолданылады. 
Материалды құтырық вирусына тексеру үшін енесінің бауырынан шықпаған ақ тышқанның 
баласына немесе үй қоянына биосынама қояды. Бөлініп алынған вирусты айқындау үшін 
тышқаңды пайдаланып бейтараптау реакциясын қояды. 
Құтырықты Ауески ауруынан ажырату керек. Соңғысы кезінде жануарда өшпенділік 
байқалмайды, тәбеті бұзылмайды, жағы салбырамайды. Иттің обасынан ажырату керек. Оба аса 
жұғымтал, жазылуы мүмкін. Құтырған жылқы делбеге ұқсас. 
Делбе кезінде кілегей қабықтары сарғаяды, өшпенділігі жоқ, кейбір ауырған жануарлар 
жазылады. Кейда уланған, тышқаншық тиген малдар құтырыққа күдік тудырады. Бірақ оңдай 
жағдайда құтырыққа тән салдану болмайды. Жоғарыда айтылған лабораториялық зерттеулер 
ауруды дұрыс балауға мүмкіндік тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет