түрде өтеді. Ол негізінде тауық ағзасына енген вирус уыттылығының әлсіз болуынан,
иммундық қорғаныс қабілетінің күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен
болады.
Патологоанатомиялық
балауы.
Ньюкасл
ауруына
шалдыққан
құстарда
патологоанатомиялық өзгерістер аурудың түрлеріне байланысты құбылып отырады. Өлексенің
айдары мен сырғалары көгерген болады. Аурудың жіті ағымынан өлген құстардың ас қорыту
органдарына қан құйылған болады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының
үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі
қабығында ұсақ дақ
түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді. Сонымен қатар, лимфойдты
ұлпаларында некротикалық ошақтар мен жаралар байқалады. Тыныс мүшелері зақымданған
жағдайда құстардың басы ісінген, көмейі мен кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленген,
кеңірдек пен өкпе қабынған болады. Көк бауыры ұлғайған, теңбілденген,
бозғылт тартып
тұрады. Некротикалық гепатит байқалады. Жүрек бұлшық еттеріне қан құйылған, ішіне
экссудат жиналады. Бас миы ісінген және гиперемияланған болады.
Аналық безі
гиперемияланған, ісінген немесе атрофияланған.
Дифференциалдық балауы. Ньюкасл ауруын құстардың тұмауынан, жұқпалы
ларинготрахеиттен, пастереллезден, шешектен (дифтериялық формасынан), хламидиоздан
(пситтакоз), респираторлы микоплазмоздан, жұқпалы бронхиттен, спирохетоздан, уланулар мен
гиповитаминоздан ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде өлімге ұшыраған немесе
өлтірілген құстардың бас миы, жілік майы, ішектері, көк бауыры, өкпесі, бауырын, саңғырығы
және қан сарысулары, трахея мен клоака шайындылары алынады. Алынған патологиялық
материалдарды мұз салынған термосталға салып зертханаға жөнелтеді. Вирустарды бөліп алу
үшін ауру ошағы шыққаннан бастап, патологиялық материалды 3-5 күн аралығында алу қажет.
Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды стерильді 50%-ды глицериннің дистильденеген судағы
ерітіндісіне салыуға болады. Трахея мен клоака шайындыларын +4
о
С салқындатылған жағдайда
ұстаған жөн.
Вирустарды өсіру. Ньюкасл ауруының вирусы 9-11 күндік тауық эмбриондарының
хориаллантоис қабықшасында, тауық эмбриондарының
фибробласттарынан алынған
жасушалар мен басқада алғашқы және тұрақты жасуша өсінділерінде (ВНК-21, Нер-2) өсіруге
болады.
Жұқтыратын материалдың 0,2 мл-ін кемінде 10 дана болатын 9-11 күндік
тауық
эмбрионының аллантоис қуысына стандартты әдіспен енгізіп, 72 сағат бойы +37,5
о
С
температураға реттелген термостатта инкубациялайды. 72 сағаттан кейін өлген эмбриондарды
+4
о
С-та тоңазытқышта ұстаса, қалғандарын термостатта 120 сағат ұстағаннан кейін алады.
Өлген және тірі тауық эмбриондарының аллантоис сұйықтықтарын алып, вирустың
гемагглютинациялаушы қасиетін және олардың патогенділігін ГАР-да анықтайды.
Вакциналанған құстардың арасынан вакциндік штамдарды (Н, La Sota, Бор 74, т.б.) да бөліп
алуға болады. Әдетте патогенді штаммдардың гемагглютинациялаушы қасиеті төмен, 1:16-
1:128-ге дейінгі титрді құраса, ал вакциндық штамдарының гемагглютинациялаушы
белсенділігі жоғары, яғни олардың титрі 1:256-1:2048-ге дейін жетеді.
Ньюкасл вирусымен жұқтырылған тауық эмбриондарының фибробласттарынан алынған
жасуша өсінділеріндегі цитопатогендік өзгерістер 48-60 сағаттан соң байқалып, олардың
телімділігі
гемадсорбция
реакциясы арқылы айқындалады.
Мұндай
вирустардың
өсінділеріндегі вирустардың титрі 1:32-1:128-ден аспайды.
Биосынама 6 айлық балапандарда жүргізіледі. Патологиялық материалды немесе вирусты
балапандардың клоакасына немесе көзіне тамызу арқылы жұқтырып, 10 күн бойы бақылап
отырады. Осы уақыт аралығында өлімге ұшыраған балапандарды жарып сойғанда олардың
трахеясы мен жемсауында нүктелі қан құйылулар, некротикалық ошақтар мен ісіктер пайда
болады,
соқыр ішегіде, пейеров түйіндағы мен клоакасының кілегейлі қабығында жаралар,
аналық безінің аймақтарында қабынулар байқалады
Ньюкасл ауруы вирусының индикациясында иммунды ферменттік талдау, полимеразалық-
тізбекті реакциясы мен гемагглютинация реакциясы қолданылады.
Вирустардың
серологиялық идентификациясында гемагглютинацияны тежеу реакциясы,
бейтараптау реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы, иммунофлуоресценция
реакциясы, жанама гемагглютинация реакциясы пайдаланылады.