алмаулары керек.
Егер жұмыс I және II патогенді топтарға жататын вирустармен
жұқтырылған немесе күдікті материалмен жұмыс жүргізуге
арналған
зертханалар үш аймаққа, яғни «инфекциялық», «шартты таза» және «таза»
аймақтарға бөлінеді.
«Инфекциялық» аймақта барлық зерттеулер өзара байланысты қауіпсіздік
бокстар жүйесінде – стерильді жағдайларда зерттеулер жүргізуге арналған
арнайы герметикалық құрылымдарда жүргізіледі. Бокстар көрінетін (әйнек
есіктер немесе бүйір қабырғалар арқылы) болуы керек және қол жууға арналған
раковинасы және дезинфекциялық ерітінділер құйылған ыдыстары бар
қабылдау бөлмесі болуы керек. «Инфекциялық» аймаққа кіру душ бөлмесі
немесе шлюзі бар санитарлық бақылау пункті арқылы жүзеге асырылады, онда
қорғаныс киімдері – мақтадан жасалған маталардан дайындалған пижамалар,
стерильді халаттар, шарфтар, маскалар киіледі. Жұмыс кезінде шлюзде
бактерицидтік шамды қосу қажет. «Инфекциялық» аймаққа кіре берісте есіктері
автоматты түрде бұғатталатын өтпелі (проходной) автоклав орнатылуы қажет.
Апаттық дыбысты немесе жарықты сигнализация
бокс бөлмесінен
қызметкерлер отыратын бөлмеге шығарылады. Бокс бөлмелерінде зертханалық
жануарларды жұқтыру және өлекселерді жарып-сойып тексеру жұмыстары
жүргізіледі; центрифугалау, материалды ультрадыбыстық дезинтергациялау
және ұсақ дисперсиялы аэрозольдердің түзілуімен жүретін басқа да
операциялар орындалады; жасуша өсінділері мен тауық эмбриондарын
жұқтыру; құрамында вирусы
бар суспензияны дайындау; тірі вирустармен
серологиялық зерттеулер жүргізу; вирустардың коллекциялық штамдарымен
жұмыс жасау, вирустарды лиофилизациялау және басқа да зерттеулерді
жүргізу.
Зертханада әртүрлі зертханалық жануарларды ұстауға және оларды
көбейтуге, зерттеулерді жүргізуге арналған виварий болады.
Зертханадан шыққан қалдықтарды дезинфекциялық ерітіндіге батыру,
автоклавтау
немесе
өртеу
арқылы
залалсыздандырады.
Залалсыздандырылмаған сұйықтықтарды канализация желісіне ағызуға, ал
қатты қалдықтарды арнайы контейнерлерге тастауға болмайды.
«Таза» аймақ зертханасы бірнеше бөлмелерден тұрады.
Мұнда вирус
жұқтырылған және басқа микроорганизмдермен ластанған немесе күдікті
материалдардың қабылданбауы тиіс.
Вирусологиялық зертханада жұмыс істеу барысында асептика және
антисептика ережелерін қатаң сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: