Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Вирустарды сақтаудың негізгі әдістері



Pdf көрінісі
бет71/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   146
вирус

Вирустарды сақтаудың негізгі әдістері. Вирустық ауруға күдікті 
жануарлардан алынған патологиялық материалды зертханалық тексеру, вирусқа 


қарсы вакциналарды өндіру бойынша биотехнологиялық жұмыстарды жүргізу 
және вирустық антигендер мен гипериммунды вирусқа қарсы сарысуды өндіру 
үшін, сондай-ақ әртүрлі ғылыми зерттеулерге инфекциялық белсенділігі 
жоғары вирус қажет. Аталмыш жұмыстарды орындаудың барлығы, мақсатқа 
байланысты, вирустың зертханада белгілі бір уақыт аралығында сақталуын 
талап етеді. 
Вирустарды сақтаудың физикалық және химиялық әдістері бар. Мысалы, 
+4 мен –70°С аралығындағы төменгі температура вирустың бірнеше аптадан 
бірнеше жылға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Температура неғұрлым 
төмен болса, соғұрлым вирустың сақталу мерзімі ұзара түседі. 
Одан да ұзағырақ сақтау үшін вирусты –196°С (сұйық азот) дейін жылдам 
мұздату арқылы жүзеге асырады, бұл оның инфекциялық белсенділігінің он 
жылға дейін немесе одан да ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді. 
Қазіргі уақытта вирусты мұздатылған күйден вакуумда лиофильді кептіру 
(сублимация) әдісі белсенді түрде қолданылады. Вирус лиофилизаты одан әрі 
+4°С аспайтын температурада сақталатынын ескеру қажет. 
Тек тұрақтандырушы ғана емес, сонымен қатар бактериостатикалық әсері 
бар химиялық консерванттардан глицериннің физиологиялық ерітіндідегі 50%-
ды ерітіндісі тиімді болады. Бұл әдіс вирус белсенділігінің бір ай бойы +4°С 
температурада сақталуын қамтамасыз етеді. 
 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушылармен танысу, оқу үдерісін 
(процесін) ұйымдастыру мәселелерін талқылау; 2 Сабақ тақырыбы бойынша 
оқытушының түсіндіруі; 3 Зертханадағы бокс бөлмелерін және құрал-
жабдықтарды көрсету; 4 Вирустармен жұмыс жүргізу бойынша алғашқы 
инструктаждан кейін әрбір студент қауіпсіздік журналына қол қояды; 5 
Сабақты қорытындылау жүргізіледі; 6 Келесі сабаққа тапсырма беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет