Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет15/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   333
АҚБҦЛАҚ (Акбулак) – б., Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарында. Ақ (сын есім) 
және бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «таза, мӛлдір сулы 
тҧщы бҧлақ».
АҚБҦТАҚ (Акбутак) – тӛбе, Кендірлі-Қиясай Ҥстіртінің солт. бӛлігінде. Абс. 
биіктігі 151 м. Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және бҧтақ (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ сілем» деген мәнді береді. 
АҚДОМАЛАҚТӚБЕ (Акдомалактобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау ақ (сын 
есім), домалақ (сын есім) және тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалып, жота, 
тӛбенің сыртқы формасы мен ондағы ақ тас, кварцтардың тҥстеріне қарай аталған. 
АҚЕСПЕ (Акеспе) – қ., қыс. Маңғыстау ауданы. Атау ақ (сын есім) және еспе (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Еспе деп Маңғыстауда «сай бойындағы кӛзі 
қайраңнан шығатын тайыз қҧдықтарды айтады» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 190). Сонда 
атаудың мағынасы: «сай бойындағы суы таза, мӛлдір, тайыз қҧдық».  
АҚЖАЛ (Акжал) – ж., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және жал (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Жал дегеніміз – ҧзына бойы енсіз келген кӛлбеу қырат, 
жер бедерінің бір тҥрі, қырқа сілемі, жон-жота, адыр (ҚӘТС, 621). Мағынасы: жал 
тҥсінің ақтығына, топырағының алыстан ағарып кӛрінуіне байланысты қойылған. 
АҚЖАР (Акжар) ескі қоныс, Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және жар (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Жар дегеніміз – ӛзеннің опырылып, мҧжылып қҧлаған 
тік жағасы (Қазақ әдеби тілінің сӛздігі, 6 том, 65). Бҧл атау да «жардың тасы мен 
топырағының ақ тҥсіне, алыстан қарағанда ағарып кӛрінуіне» байланысты қойылған. 
АҚЖАРБҦЛАҚ (Акжарбулак) – б., Ҥстірттің солт. бӛлігінде, Маңсуалмас 
қонысында, Бейнеу ауданы. Атау ақ (сын есім), жар (зат есім) және бҧлақ (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «тасы, топырағы ақ тҥсті, алыстан 
қарағанда ағарып кӛрінетін жардан ағып жатқан бҧлаққа» байланысты қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет