АҚҚОРҒАН (Аккорган) – бҧғ., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және қорған (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қорған сӛзі тҥркі тілдерінде: «тӛбе» мағынасын
береді екен (С.Атаниязов, 1970, 28). Сонда атаудың мағынасы: «ақ тҥсті тӛбелі бҧғаз».
АҚҚОРЕК (Аккорек) – қ. Ақ (сын есім) және қорек (зат есім) сӛздерінің бірігуінен
жасалған. Қорек – иран тілінде, «тамақ, азық» мәнін беретін сӛз. Атау: «ауызсулы
қҧдық» мағынасын беретін тәрізді.
АҚҚУЫС (Аккуыс) – қ., Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және қуыс (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қуыс – «таудағы тар ҧзын алқап, шатқал»
(Г.К.Конкашпаев, 1951, 138). Атаудың топонимиялық мағынасы: «ақ тасты таулы
алқаптағы қҧдық».
АҚҚҦДЫҚ (Аккудык) – қ., а., қыс., Бейнеу, Маңғыстау, Мҧнайлы ауд-да. Ақ (сын
есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау «мӛлдір», «ағынды»,
«ауыз сулы» қҧдық» деген мағынада қолданылып тҧр, сондай-ақ қҧдық қазылған
жердің топырағының ақ болуына орай да аталуы мҥмкін.
АҚҚҦМ (Аккум) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және қҧм (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «сусымалы ӛсімдіксіз қҧм».
АҚҚҦРЛЫҚБАЛША (Аккурлыкбалша) – қ., Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және
қҧрлық (зат есім), бал+ша (сын есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «жан-
жағын су қоршаған қара жердегі суы тәтті, тҧщы сулы қҧдық».
АҚҚҦРЫҚ (Аккурык) – қ., Ҥстірт жазығының батыс бӛлігінде. Қарақия ауданы. Ақ
(сын есім) және қҧрық (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Гуррук (куруг
«қҧрғақ») кӛнетҥркі тілінде – «кӛне, суы жоқ кеуіп қалған қҧдық» деген мағына
береді (З.Б.Мухамедова, 1971, 182). Атаудың мағынасы: «топырағы ақ тҥсті жердегі
кӛне, су сарқылған қҧдық».
АҚҚҦС (Аккус) – қ., Қарақия ауданы. Атаудың о бастағы атауы Аққуыс болған
тәрізді. Мағынасы: «қуыстағы, таудың қалтарыс жеріндегі ауызсулы, ағынды қҧдық».
АҚҚҦТ (Аккут) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау ақ (сын есім) және қҧт (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. А.Т.Қайдар «Структура односложнық корней и
основ в казахском языке» атты еңбегінде: «құт: құдық<құд+ық колодец» деп
кӛрсетеді (А.Т.Кайдар, 231). Қҧт – қҧдық сӛзінің кӛне формаларының бірі. Осы
дерекке сҥйене отырып, атаудың мағынасы: «ақ қҧдық», «ағынды, ауызсулы қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: |