Бибатпа Кӛшімова


ЕЛЕЙДІҢ ТАҚЫРЫ (Елейдын такыры) –



Pdf көрінісі
бет67/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   333
ЕЛЕЙДІҢ ТАҚЫРЫ (Елейдын такыры) – тақыр. Су мол жаттаын тақыр (қараңыз: 
ЕЛЕКАЖЫ). 
ЕЛЕУИШАН (Елеуишан) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ЕЛТЕЖЕ (Елтеже) – тҥлей, Қарақия ауданы. Атау елт (зат есім) және оғыз тіліндегі 
еже – «ҥлкен апа» (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Елт – кӛнетҥркі тілінде, 
«бақсы» тәрізді мағыналарды береді. Мәні: «бақсы әйел». Белгілі бір оқиғаға 
байланысты қойылуы мҥмкін. 
ЕЛІК (Елик) – қ., қор., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 6 м. Біздің пікірімізше, Елік 
атауының о бастағы дыбысталуы Атау қҧрамында е/ел - и идеофонының бір тҧлғасы, 
«ылғал», «су» мағынасын береді» Ал –лек бір нәрсенің молдылығын, барлығын 
білдіретін кӛне жҧрнақ. Сонда атаудың мағынасы: «сулы қҧдық». 
ЕЛІКТАУ (Еликтау) – тау, абс. биіктігі 169 м. Маңғыстау ауданы. Атау елік (сын 
есім) және тау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы, бҧлағы 
бар тау» (қараңыз: ЕЛІК). 
ЕЛШІБЕК (Елшибек) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. Руы қырықмылтық 
Елшібек атты дәулетті адам жерленген қорым. 
ЕЛШІБЕКТІҢ ТӚРТКІЛІ (Елшибектын торткилы) – тӛртк., Қарақия ауданы
Жаңаӛзен қаласынан оңтҥстігінде. Антропоороним. Бҧл жерде 1920-30 ж. руы 
қырықмылтық Елшібек атты дәулетті адам қоныстанаған.
ЕМДІ (Емды) – тау, Маңғыстау ауданы. Біздің пікірімізше, Емді атауының тҥбірі ем, 
кӛнетҥркі сӛздігінде – «дәрілік жабдықтар, дәрі» (ДТС, 171) мағынасында 
қолданылған. Мағынасы: «дәрілік шӛбі мол тау».
ЕМДІБҦЛАҚ (Емдыбулак) – м., Маңғыстау ауданы. Атау емді (сын есім) және бҧлақ 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «дәрілік шӛбі мол таудың 
бҧлағы» (қараңыз: ЕМДІ). 
ЕМДІҚОРҒАН (Емдыкорган) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау емді (сын есім) және 
қорған (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «дәрілік шӛбі мол 
биік тау» (қараңыз: ЕМДІ). 


ЕМІР (Емир) – а,. Маңғыстау ауданы. Емір – ортағасырлық оғыз-туркмен тайпасы - 
имир атынан пайда болған. «М.Қашқари және Рашид-ад-Диннің еңбектерінде этноним 
эймюр формасында кездессе, Абылғазыда – имир. Барлық осы ғалымдар 
(М.Қашқариден басқасы) этнонимнің шығу тегін Тау-ханның екінші ҧлы, Оғыз 
ханның немересінің есімімен байланыстырады және оның мәнін былай деп 
тҥсіндіреді: Рашид-ад-Дин: «ӛте керемет және қуатты», Абылғазы: «бай және аса бай», 
Салар баба: «ол кҥшті және мықты әскері болуы керек. Рашид-ад-Диннің бір кездері 
эмирлердің тотемі ешкі болған деген пайымдауына негізделе отырып, Ю.Зуев 
этнонимді этимологиялауға тырысты. Х-ХІ ғасырлардың қытайлық кӛздерінде ол 
қырғыз тілінде қара қҧйрықты жануарлар, яғни ешкілер мен жейрандарды білдіретін 
имо (яғни имир) сӛзін тапқан. Сӛйтіп, ол этнонимді тотемнен шыққан деп тҥсіндіріп, 
оны екі бӛлімге бӛледі: й, йим и–р. Ю.Зуев йымга-умга жабайы тау ешкісінің 
аналығында сақталған им немесе йим сӛзін эммек – «сору» деген сӛзбен ҧқсастырады 
(С.Атаниязов, 1988, 136). Емір – «емір руының қонысы» деген мағынада қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет