КӚГЕЗДІҢ ҚАПЫСЫ (Когездын капысы) – аңғ., Маңғыстау ауданы. «Кӛк шӛбі
мол шатқалдағы сулы ояң жер».
КӚГЕНДІСАЙ (Когендысай) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кӛгенді (сын есім)
және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛген – «ҧсақ малға арналған
тізбек, байлау, басжіп». Атаудың мағынасы: «қыстаудан шығып отыратын уақытша
қоныс».
КӚГЕСЕМ (Когесем) – қон., Маңғыстау ауданы. «Ойда Талақ, қырда Кӛгесем» деген
тіркестер қалған. Атау Кӛк (зат есім) және Есен (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Кӛк және Есен атаулары этнонимдер болып табылады. «Есен тҥркменнің
шежірелік арғы аталары. Есеннің бес ҧлы болған екен, олар – Човдур (Шәудір), Игдыр
(Егдір), Бозоджи (Бозашы), Бурунджик (Бұрыншық), Абдал. Кӛк – Оғызханның
тӛртінші ҧлының аты. Сонда атаудың мағынасы: «Кӛк руынан тараған Есендердің,
Есен елінің қонысы, қҧдығы».
КӚЖЕКБАЙ (Кожекбай) – қон., Маңғыстау ауданы. Антропотопоним.
КӚЖЕКСОР (Кожексор) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау кӛжек (зат есім) және сор
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кішкене тҧзды (сор) жер».
КӚКАЛА (Кокала) – қон, қыс., Маңғыстау ауданы. Атау кӛк (сын есім) және ала (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ала сӛзі «биік» немесе «тау» мағыналарында
қолданылады (Е.А.Керимбаев, 181). Мағынасы: «Кӛк руының таулы қонысы» немесе
«кӛк майсалы тау, биік тӛбе»..
КӚКАЛЫ (Кокалы) – қау., Тҥпқараған ауданы. Кӛгала топонимі Гӛклы деп аталатын
ортағасырлық оғыз-тҥркмен тайпасының атынан пайда болған. «Атау кӛк этнонимімен
байланысты, яғни гӛклы «кӛк елінің адамдары» деген мағынаны береді. Кӛк этнонимі
туралы бірнеше болжам бар: а) Оғызханның тӛртінші ҧлы Кӛктің атымен аталған; ә)
А.Н.Кононовиың кӛрсетуі бойынша, кӛк тҥркі географиялық терминологиясында
«шығыс, шығыстық» деген мән береді (С.Атаниязов, 1988, 52). Сонымен атаудың
мағынасы: «Кӛк руының қауымы».
Достарыңызбен бөлісу: |