Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет188/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205
index

Кӛліктегі 
қиды 
санитарлық 
бағалау. 
Жануарларды 
тасымалдағаннан кейін ветеринарлық-санитарлық ӛңдеу категориясы 
қандай болса, одан шығарылатын қи және тӛсеніштер сол категорияға 
жатады. 
Сол себепті ет және құс комбинаттарында, карантин бекеттерінде, 
әуежайда және теңіз порттарында, темір жол стансаларында, ДЖС және 
басқа кӛлікті тұрақтарға қидың түсуі мүмкін. 
Қидың әр категорияларын сақтауға қойылатын талаптар, қиды 
залалсыздандыру және шығару территориясы анықталады, осы жерде 
кӛлікті ӛңдейді. 
1-категориялы жануар қиы тыңайтқыштарға шектеусіз жіберіледі. 
Бірақ импортталған жануарлар қиын биотермиялық ӛңдеу керек, оларды 
2- категориялы ӛңдеу сияқты ӛңдейді, ал қи аз мӛлшерде болатын болса, 


323 
әуежай территориясында, теңіз порттарында ДЖС алаңында жағады. 
Қиларды түсіру және қоймаларда сақтау үшін асфальтанған алаң болуы 
керек. 
2- категориялы қиды 30 күн бойы арнайы алаңдарда биотермиялық 
ӛңдейді. Ӛңдегеннен кейін оларды жергілікті басқарма және кӛліктегі
ветеринарлық бақылау рұқсатымен егістікке тыңайтқыш ретінде
шығарады. 
Вагоннан шығарылған 2-категориялы қиды, ауырған инфекциялық 
ауруға шалдыққан, инфекциялық анемия және энцефаломиелитпен 
ауырған жылқы, құтыру және т.б. қилары мемветбақылау жұмыстарының 
бакылауымен ӛртеледі. 
Ауру жануарлар тасымалданған вагондардан шығарылатын қилар, 
обамен залалданған, ауысылмен залалданған, биотермиялық ӛңдеуді 3-
категориялы қилар мен қоқыстарды ӛртеу арқылы жояды. 
Қиды 
биотермиялық 
ӛңдеуді 
«Ветеринарлық 
дезинфекция, 
дезинвазия, дезинсекция және дератизация» нұсқауы, ал сонымен қатар 
«Қиды биотермиялық ӛңдеу» нұсқауы бойынша жүргізеді. 
Қиды биотермиялық залалсыздандыру арнайы алаңдарда жүргізіледі: 
ДЖС-2 категориялы вагондарды санитарлық ӛңдеуден ӛткізетін секторда; 
малшаруашылық 
кешендерде 
және 
карантиндік 
бекеттерде; 
шаруашылықтың қи сақтайтын алаңдарында; ет және құс 
комбинаттарында-малбазасының дезблок аймағында; әуе жайда-
дезкомплекс алаңында; теңіз портында-загондағы карантиндік алаңдарда. 
Алаңдарда ӛңделетін қи кӛлеміне байланысты, бірнеше компосты 
бағаналар болуы мүмкін. Типтік ДЖС-тәулігіне 300 вагон ӛткізе алады, 
сондықтан бұл алаңдарда кӛлемі 225 м
3
, 15 күндізгі қи сиятын, үш 
компосты бағаналар болады. Үшінші компосты қимен толтыру аяқталған 
кезде, қиды 30 күндізгі ӛңдеу кезеңінен ӛтеді. 
Арнайы алаңдарда тереңдігі 6 м, бүйірі 25 см, ортасына бығытталған
ор қазылады (ұзындығы қи кӛлеміне байланысты). Ордың ортасында 
ұзындығына байланысты, кӛлемі 50 см науа және бүйірлерінде ұзындығы 
және кӛлемі 25-30 см шұнқырлар болады. 
Ордың түбі мен бүйірлерін, науалар мен шұңқырларды цементтейді 
немесе қалың майлы саз балшықпен бекітеді. Саз балшық қалындығы 
бекіту алдында және кейін 15-20 см болуы керек. Қи салар алдында 
науаларды сырықтармен жабады. Шұңқырлар ор ішінде дӛңгеленіп 
орналастырады, ол маса балаңқұрттарын жоюға әсер етеді. 
Арнайы орларға, бағаналарға қиды салар алдында, 40-50 см 
қалыңдығында құрғақ-шӛпті қиды салады. Содан кейін оның үстіне 
ӛңделетін қиды салады, оны салған кезде ордың жан-жағында қи мен 
ордың арасында 40-50 см аралық болуы керек. Қысқы уақытта ордың 
түбіне, ӛңделетін қи астына, балауса қиды салады. Қи пирамида сияқты 
2м биіктік қабаттарында, бүйірлік жағы 70
0
С кӛлбеу етіп салынады. 


324 
Қиды, ірі қара мал нәжісін, шӛпсіз, жылқы қиымен немесе тӛсеніштермен 
араластырып (4 бӛлік- ӛңделетін нәжіс, 1 бӛлік сабанмен немесе жылқы 
нәжісімен) салады. 
Құрғақ қиды нәжіс сұйықтары мен немесе сумен 10-15л/м
3
есебінде 
араластырады. Қысқы уақытта ыстық суды қолданады. Қатарларға 
салынған қидың жан-жағына барлық жағынан жұқтырылмаған қиларды 
немесе қалыңдығы 40-50 см сабандар және торфтарды салады. Қыстың 
күні сабан, торф немесе қидың қалыңдығы 50-60 см болуы керек. 
Қатарлар есігі жағынан науа тесіктерін жаздың күні ауа келу үшін ашық 
қалдырады, ал қыста жабады. 
Егер қи ақырын түсіп, қатарлар (штабеля) кӛлемі керекті массаға 
дейін жетпеген кезде, қыс уақытында оны жұқтырылмаған қимен жабады 
(уақытша жабу), ал кейін, уақытша жабуды ашқан соң, жоғарыдағыдай 
тәртіппен қиды сала береді. 
Егер қысқы қида биотермиялық үрдіс дамымаса, онда қатарларды
ерігенше алмайды. Қи ерігеннен кейін оны жаңа орынға ауыстырып, 
жоғарыдағыдай тәртіппен ӛңдейді. Егер қыс уақытында қи ӛз уақытында 
салынбаса, үсіп қалса, оны тез уақытта биотермиялық белсендіру керек 
болса, жіті буды қолданады. Бұл үшін қатардағы қиды қатарларда арнайы 
орналасқан батарейлердегі немесе регистрлердегі бумен (ыстық сумен) 
қыздырады. Регистрдегі және батарейлердегі ыстық су, арнайы 
коллекторлармен және басқа кӛздерден келеді. 
Регистр (булы) паралельді құбырлардан жасалынған, жалпы 
коллекторлардан қосылған, осы жерден шыққан құбырлар мен 
шлангылардан бу шығады. Регистрлерді дайындайтын құбырлар 
диаметрі 25 мм және ұзындығы 2 м болуы керек. Әр құбыр қабырғасын 
бірдей орналасқан тесіктер ені 10 мм, 35-40 бірқалыпты етіп теседі. 
Регистрлерді бір немесе бірнеше құбырлардан дайындалған болса, 
олардың арасы 50-75 см болуы керек. Қыздыратын батареялар бірнеше
аралықтары 30-40см, ұзындығы 6-8 м; диаметрі 85 мм болатын 
құбырлардан тұрады. Құбырларды ӛзара бекітеді. Батареяларға қалыпты 
бу мен судың келуі үшін, олардың кіретін және шығатын жерлеріне 
бұранды орнатылады. 
Регистрлер 
мен 
батареялар 
саны 
қиды 
биотермиялық 
залалсыздандыру үшін, мына есеп бойынша: 1 регистр 6м-ге немесе 1
батарей 10м қатар ұзындығына етіп орналастырылады. Қатпаған қиды 
арнайы кардан тазартып, астына инфекцияланбаған қиды және сабан мен 
торфты салып ӛңдейді. Осы 40-50 см-лік тӛсеніш астына қыздыратын 
регистрлерді қи батареяларды салып, оның үстіне ӛңделетін қи салады, 
қи қатарлардан 50-60 см шығып тұру керек. Қатарлардың жан-жағына 50 
см кӛлемінде құрғақ торф немесе залалданбаған қиды салады. Қатарларға 
қиды салып, тӛсеніштер тӛсегеннен кейін 10-12 сағат регистрден ыстық 
бу жібереді. 


325 
Қиды қыздырғаннан кейін 1-2 күннен соң қатар ішіндегі температура 
ӛлшенеді. Ӛңдеудің алғашқы күнінде, оның ішіндегі температура 60-
70
0
С кӛтерілуі керек, бұл басталуын білдіреді. Одан кейін қиды белгілі 
уақытқа дейін ұстайды. Қатқан қиды залалсыздандыру үшін қалыңдығы 
50-60 см тӛсеніштерді, инфицирленбеген қи немесе сабан, ағаш үгіндісі
немесе торфтарды салады. Осының астына қыздыратын приборларды, 
кейін биіктігі 2м және кӛлемі 3 м ӛңделетін қиды салады. Қатарларға 
салынған ӛңделетін қи үстіне 50-60 см қашықтықта инфицирленбеген қи, 
сабан немесе ағаш үгіндісі немесе торф салып, үш тәулік бойы 
батареялармен бу ыстық су жібереді. 
Қатарларда регистрлерді орналастырылғаннан кейін 12-24 сағат бойы 
ыстық бу жібереді, шығыны 20 кг/м
3
. Қиды белсенді биотермикалық 
ӛңдеу үшін, қи үстіне балауса, жылы қиды ¼-
1
/
6
кӛлемінде, қатар 
ортасына салады. Қиды бумен қыздырғаннан кейін 2 тәуліктен соң және 
балауса жылы қиды салғаннан кейін 7 тәуліктен соң, қатардағы 
температураны ӛлшеу арқылы биотермиялық үрдістің жүруін анықтайды.
Егер қатар ортасының температурасы 3-5 тәулікте 40-50
0
С болса, 
қыздыру әрі қарай стилет арқылы жүргізіледі. Температураны үшінші 
қатардың ортасынан және бүйірлерінен ӛлшейді. Қатар ортасына 
термометрді жоғарыдан тӛмен қарай 0,25-0,5м тереңдікке, ал бүйір 
жағынан термометрді тереңдігі 0,25-0,5 м тереңдікке салып, үш жерден 
ӛлшейді. Басқа бӛліктерінің температурасын ӛлшеуі, қатар ортасындағы
сияқты ӛтеді. Температура мӛлшері 60-70
0
С жеткен кезде оны ӛлшеу 
тоқтатылады. 
Егер ауа температурасы -20
0
С тӛменгі температурада қиды 
қыздырғаннан кейін биотермиялық үрдіс дамымаса, онда қатарларды қи 
толығымен ерігенше дейін тиіспейді. Қи ерігеннен кейін оны 
биотермиялық үрдістің дамуы үшін жаңа жерге ауыстырып, жоғарыдағы 
тәртіппен залалсыздандырады. 30 күннен кейін қиды залалсыздандыру 
аяқталады. Қысқы уақытта бұл уақыт ұзақ болады: ол температураның 60-
70
0
С кӛтеріліп түскеніне дейінгі уақыт аралығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет