337
Адам бастапқыда макрокосмосқа эквивалент ретінде көпдеңгейлі микрокосм
тұрғысындағы көрініске ие болса, эквиваленттілік деп отырғанымыз, бастама
немесе соңы бар нəрсе емес, тек қана мүмкіндік, ықтимал нəрсе. Сондықтан
адамзат тарихы перманентті /үздіксіз/ антропогенезис болып табылады. Ал,
оның негізгі онтологиялық мəні жоғарыда
айтылған эквиваленттіліктің
толық өзектілігіне келіп саяды.
Тарихи процесс дегеніміз қоғамдық тарихи процесс. Себебі, адамның адам
екенін немесе адамдық қасиеттерін екінші бір адамға деген қарым-
қатынасынан байқаймыз. Адам – адамдардың бір-бірімен өзара қарым-
қатынастық көрсеткіші
негізінде қалыптасады, ал, қоғам дегеніміз –
қоғамдық қатынастарды жүйелендіретін адамдар бірлестігі, тұтастығы".
Демек, "адамзаттың қоғамдық тарихы əрқашанда адамдардың жеке
дамуының тарихы". Адамзат атаулы осыны саналы түрде мойындасын, мейлі
мойындамасын осылай болып қала бермек. Тарихта жəне кез-келген
қоғамдық тұтастықта екі өлшем: əлеуметтілік жəне социум басты орын алып
келді. Әрбір қоғам осы əлеуметтілік пен социумның бірлігі, тұтастығы, өзара
байланысы болып табылады. Осы екі өлшемнің
өзгешелігі мен ерекшелік
сипаттарының болуы, мəдениет пен өркениет арасындағы айырмашылықты
көрсететін негіз. Яғни, мəдениет əлеуметтік өлшемнің қалыптасуымен
абсолюттік қозғалыс тенденцияларын байланыстырса, өркениет – социумдық
өлшеммен қалыптасудың салыстырмалы дамуымен байланысты. Жалпы
алғанда, бұл өлшемдерді мəдени-əлеуметтік жəне
өркениетті-социумды деп
айта аламыз, осылай айтуымыз қажет те
Достарыңызбен бөлісу: