Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


«Сатершинов Б.. Қазіргі Қазақстан мәдениеті



Pdf көрінісі
бет129/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Философия Оқулық (3)

«Сатершинов Б.. Қазіргі Қазақстан мәдениеті 


343 
дамуының негізгі бағдарлары мен қайшылықтары. Ф. ғ. канд. ғылыми дәрежесін 
алу үшін дайындаған диссертация. –Алматы: -2000.- 135 б.). 
Аталған 
автордың 
жаңа 
индивидуалданған 
мəдениет 
өніндегі 
сараптамасы батыстық озық ойлы философтардың пікірлерімен үндес келеді. 
Жоғарыда 
белгіленгендей 
“Идеал 
мен” 
жеке 
адамдардың 
шығармашылығында қалыптасады. Қоғам дегеніміз адам жасампаздығы 
үдерісінде ғана дами алады. Басқаша баламаларда “кешеуілдеп қалған 
қоғамдарды”, “реликтілерді”, “авторитарлық режимдерді“ ғана көре аламыз.
"Еуропашылдық" белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтан, жетістік 
болды. Ол кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен тым батысшыл болып, 
материализм, марксизмдерді де қостап кеткендері кездесіп отырды, əсіресе 
дінге, төл дəстүрге байланысты үстірт пікір айту да орын алды. Оның сол 
кездегі арғыдан келе жатқан потенциалы, шын мағынасын ажырату керек еді. 
Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы еуропалықтардың өздеріне ұқсап кетіп, 
экстраверттік мінез танытып (яғни, мына дүние мəселелеріне беріліп), 
саясатшыл, ұлтшыл болды. Ұлтшылдық идеологиясы Еуропа мəдениетінен 
туындап, ХІХ ғасыр, капитализм индустриалдық қоғамның айнымас бір 
сипаты еді. Шығыс таза, дүния ұлтшылдықты бұдан бұрын білмеген, себебі, 
дін, конфессионалдық сана-сезім, империялық конфессионалдық сана оны 
тепе-теңдікте ұстап отырған. Жалпы сол кездегі зиялылар төл руханияттан 
кейде ауытқып кетіп отырған. Одан түбегейлі қол үзу кеңес дəстүрінде 
марксизм арқылы болды. Әрине, бұл да заман талабы еді. Дəуір ерекшелігі 
осы сатыдан да (рационализм, сауда-өнеркəсіпті игеру, əлеуметтік, 
мемлекеттік қайта құрылу, т.б.) өту керек еді. Қазаққа тəжірибе жинап, қалай 
болғанда да бұл жол жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретті. Бұрынғы 
жыраулар Абайдың "Бүкіл адамзатты сүй" дегенін, Шəкəрімнің барлық 
діндердің түбі бір ақиқат деген теориялық тұжырымын айта алған жоқ. 
Қазіргі кезде көптеген ғылыми жəне адами мəселелерге түбегейлі 
жаңаша қарауға мүмкіндіктер туды. Қоғамның рухани өміріндегі 
құндылықтардың өзіндік келбеті мен сипаты көп өзгерді. Бұл құбылысты 
қоғамдық тарихи процестегі əр түрлі көріністер, көрнекті тұлғалардың іс- 
əрекеттерімен байланыстырмай терең түсіндіру мүмкін емес. 
Діни құндылықтардың ерекшеліктерін, олардың ғылыми, этникалық 
дүниетанымға тигізген ықпалын жаңаша сараптау керек. Осы жолда 
еліміздің мұсылман қауымы атқаратын істер өте ауқымды жəне ғалымдардың 
көмегінсіз оны атқару қиындыққа түседі. 
Халқымыздың сан ғасырлар бойындағы даму тарихында соңғы он бес 
жылдың алатын орны ерекше. Ата – бабамыздың армандаған тəуелсіздігіне , 
өз мемлекетімізге қол жеткіздік. Әрбір халық тарихи даму кезеңінде өз 
болмысын ойлау жүйесі жəне дүниетанымы арқылы зерделейді. Ұрпақтан – 
ұрпаққа рухани құндылықтарды жеткізу ұлттық құндылықтардың тұрақты 
жүйесін жасайды. Сыртқы дүниедегі өзіне ұқсас қоғамдық өлшемдерді ішкі 
қажеттіліктерге 
жаратып, 
ұлттық 
діл 
негіздерін 
қалыптастыруға 
мүмкіндіктер ашады. Осыдан келіп дүниетанымның негізі мəні тек дүниені 


344 
тануда ғана емес, оның мəнді мақсатын адамға байланысты пайымдауда 
екені көрінеді. 
Соңғы жылдары алыс, жақын шет елдермен қарым-қатынас жасаудың 
жиілеуі қазақтың дəстүрлі мəдениеті мен əдебіне жат мінез-құлықтардың кең 
жайылуына жағдай тудыруда. Ішімдік, темекі, есірткі, рұқсатсыз қару-жарақ 
қолданудың көбеюі, рэкет пен жезөкшеліктің пайда болуы, жалғыз басты ана, 
тастанды бала, тірі жетімдер санының артуы, ақшаға, пайдаға құны т.б. осы 
секілді көптеген теріс қылықтарды көбейе түсті. Осылардың басты бір себебі-
өнімді еңбектің құны түсіп, өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығындағы бұрынғы 
ұжымдардың күйзеліске ұшырауы. Социализм тұсында жоғарыдан нұсқау мен 
көмек күтіп отыруға əдеттенген халық жаңа жағдайға икемделе алмай келеді. 
Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, теледидар, радио, кино, 
жарнамалар т.б.) «озық батыс мəдениеті» деп қатыгездікті, нəпсіні, 
жауыздықты, өзімшілдікті дəріптейтін «өнер үлгілерін» тек табыс əкелетін 
болса жеткілікті деп көптеп таратып жатыр. 
Екіншіден, құқықтық-əдептік мəдениетті жетілдірудің маңызды бір 
шарасына коррупциямен дəйекті күрес жүргізу жатады. БҰҰ-ның арнаулы 
баяндамасында дамушы елдердегі негізгі кедергі тек халықтың кедейлігі ғана 
емес, сонымен бірге басқарушылардың арасындағы коррупциялық əрекеттердің 
өріс алуы болып табылады.
Нарық жағдайына сəйкес құқықтық сананы қалыптастыру. Пайданы жеке 
адаммен байланыстыру дегеніміз сол адам бақытының шамасын арттыру деген 
сөз. Ал пайданы қоғаммен байланыстыру дегеніміз сол қоғамды құрайтын жеке 
адамдар бақытының шамасын арттыру болып табылады. Жақсылық үнемі рахат 
сезіміне бөлейді де жамандық жаныңды күйзелтеді. Заңның мақсаты-
жақсылыққа қол жеткізу. 
Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндегі оң құндылықтарды сақтай отырып
адамдық ынтымақтастықтың жаңа тəртібін қалыптастыру. Бұл жерде мүдделер 
үйлесімдігі маңызды рөл атқарады. Мемлекет, ұлт, жұртшылық мүдделерінен 
басқа тұлғалық мүдделер бар. Олар: 1) азаттық, біртұтастықты сақтау, ырық 
бостандығы, атақ-абырой (репутация), дербестік жəне сенім мен пікір 
бостандығы сияқты жеке адам мүдделерінен; 2) некені қорғау, талап қою, ата-
ана мен балалар арасындағы құқықтық қатынас сияқты ішкі қатынастар 
мүдделерінен; 3) меншікті қорғау, өсиет қалдыру еркі, өндіріс бостандығы жəне 
келісім сияқты субстанция мүдделерінен тұрады . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет