333
саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік бағдарламалар бойынша
стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсің тексеру
тоталитарлы өркениет
талаптарына сəйкес болмай шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша
салыстырудың орнына келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір
ұзақтығы, тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім
берудің орнына мақсаттық, дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді.
Қазақ халқының əдептік-құқықтық санасында да патриоттық тəрбиеге
үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, психолог-ұстаз Қ.Жарықбаев
мектеп
оқушыларына арналған оқу құралында мынадай түйінді ойларын келтіреді:
«Ұлтжандылық
– отаншылдық қасиетпен тығыз байланысты. Қазақ елі бұл-
біздің Отанымыз, туған жеріміз, өз еліміз. Осы жерді жан-тəнімен сүйетіндер
де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар да
алдымен қазақ халқы,
оның сендердей ізбасарлары. Өз елінің нағыз жанашыр азаматы болғысы
келген адам алдымен өзінің əкесі мен шешесін, бауырлары мен туған-
туысқандарын қастерлеп, қадір тұтуы тиіс.
Ата-бабаларымыз Алтайдан
Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр кең жазира даланы ғасырлар
бойы басқыншы жаудан сан рет қорғап, бостандық пен тəуелсіздік жолында
шыбын жанын пида еткен. Біздер халқымыздың қас батырлары Қабанбай мен
Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасым хан
мен Абылай ханды, Амангелді мен Бауыржанды қадір тұтып, қастерлейміз.
Олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін өзімізге үлгі-өнеге етіп,
осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз!»
Достарыңызбен бөлісу: