38
мемелекетте қабылданған жəне өмір сүріп тұрған заңды бұзбау керек деген
пікірді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының, ізбасарларының
алдында у ішіп өледі. Сократтың өмірі, оның ілімінің қалай іске асқандығын
көрсетіп ғажайып өмір болды. Сократтың əр адамның өз пікірі болуы мүмкін,
бірақ ақиқат олардың бəріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырымы, сол сияқты
ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір-біріне
ауысып отыратынығы туралы) идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен əсер
етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімінің қалыптасуына жəне дамуына
ойтүрткі болды.
Рақымшылдық жəне
бақыт Сократтың ілімдері, б.д.д. V-ІV ғғ. кең етек
алған екі философиялық мектеп: киниктер мен гедонизмнің этикалық
ілімдерінің өзекті мəселесіне айналды. Киниктер философияның (“киносарг”
деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – “көгерген ит”)
негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір
сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін
анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз ұғымдардың мазмұнын құрайтын
пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мəнін көрсететін
қасиеттер мен əр түрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы
дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (тавталогия) болған жағдайда
ғана (метематик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады.
Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы
номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен
ұштасып жатқанын байқаймыз.
Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы
ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке
тұрмайтын құндылығы жоқ байлық,
денсаулық т.б. сияқты игіліктерімен салыстырғанда, рақымшылдық – ең құнды
жəне жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізі мақсаты
бақытқа тек рақымшылдық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол
туралы көп сөздің, немесе білімнің қажеті жоқ, ол – тек іс-əрекет арқылы ғана
көрінеді. Жұрттың бəрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын
шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тəуелсіз шын
мəніне ерікті рақымшыл даныпандар. Олардың мұраты – өздерін күнделікті
қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын
мəніндегі, ең жоғары бақыт – бақыттымын деп өлу. Киниктер мемлекеттік заң
мен рақымшылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң
рақымшылыққа жеткізбейді. Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды
қолбасшы қылып сыйлайтын мемелекетті рақымшлыққа жеткізетін мемлекет
деп айта аламыз ба? – деп сауал қояды Антисфен. Материалдық тұрмыс
қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан əдет-дəстүрлерді мысқылдай отырып,
нағыз данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары
Диоген Сипопский (б.д.д. 412-323 жж.) Киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің
негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген
анекдотқа ұқсас əңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары
былай дейі. Бірде базар алаңында, бөшкеде отырған Диогеннен ұлы Александр
сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға əзірмін деп сұрағанда, ол – күнді
39
қалқаламаңыз деп жауап беріпті. Ол
өте кедей тұрғанына қарамастан,
киниктердің түсінігінше рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа
жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, лəззатқа деген құмарлықты жек
көрудің өзі – лəззат деп уағыздаған. Тал түсте қолына фонарь ұстап базар
алаңында “халық – көп, адам аз екен” деген сөзі осы пікірді нақтылайтын
сияқты.
Киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді
уағыздаса, гедонистік (кирендік – кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері
өмірде өз түйсіктерін басшылыққа ала отырып, сезімдік өз түйсіктерінің
мəліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, лəззатқа берілу
керек деп уағыздады. Ал лəззат, бақыт дегеніміз – минуттық сезімдік
қуаныштардың жиынтығы,
оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше
пайдалану керек. Өмір қайғы-қасіретке толы болғандықтан, өмірімен қатар өлім
де тартымды. Тек қана байлыққа, даңқа құмарту ол ақылсыздардың ісі, ал
данышпан болса – оған өмірде не болып жатқанының бəрібір: бай ма, кедей ме,
ерікті ме, еріксіз бе т.б.
Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д
435-355 жж.) көзқарасының қалыптасуына Сократтың ілімімен қатар софизмнің
де əсері болды. Оның пікірінше, танымның қайнар көзі – түйсік. Ал түйсік
арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын, немесе оның қасиеттерін танып біле
алмаймыз, сондықтан табиғатты танып-білемін деп əуреге түсудің қажеті жоқ,
керісінше, біз тек өзімізге тəн субъективті қабілеттеріміздің нəтижесін ғана
тани аламыз. Осыдан келіп, аристипп тек өзіміз сезінген лəззат пен қасірет қана
игілік, рақымшылық деген тұжырым жасайды. Лəззат өткенге де, болашаққа да
бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын
лəззатқа ұмтылу керек.
Лəззатқа жетудің бірден-бір жолы өз еркіңмен қол жетпейді, немесе
қасірет əкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен
тəнін рахаттануға, лəззат алуға бағыштап, өзін де,
басқаларды да шаттыққа
бөлулері керек. Сөйтіп, аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік
құбылыстарды адамдардың іс-əрекетінің негізгі өзегі (мотив) жəне мақсаты
ретінде қарастырады. Осы өнегелілік бағытты басшылыққа алып, іс-əрекет
жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға
бөленеді. Аристипп мемелектті, онда қалыптасқан заңдарды т.б. рахатқа
бөлену, бақытқа жету жолындағы құрал деп қарастырады.
Аристипп ізбасарлары – данышпандарға əдептілік қағидаларды
сақтаудың қажеті жоқ, мысалы данышпан өзін отаны үшін құрбандыққа
шалмайды, себебі “оның отаны – бүкіл əлем” (Феодор) деген идеяларды өз
ілімдерінің басты қағидаларының бірі етіп қабылдып, онда ең жоғары
данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің
ілімдері
кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық т.б. сол сияқты бақыт
мəселесін өз философиясының өзегі етіп қабылдаған ағымдарға зор əсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: