Асанова с. С., Калманова н. М


кесте - Экономикалық талдаудың негізгі қағидалары



Pdf көрінісі
бет5/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
1.1.1 кесте - Экономикалық талдаудың негізгі қағидалары 
 
Қағидалар 
Қағиданың мазмұны 
Ғылыми сипатты 
Талдау ғылыми сипатта болуы керек, яғни өндірісті дамытудың 
экономикалық заңдарының талаптарын ескеруі тиіс, ҒТП 
жетістіктерін пайдалану және жаңа экономикалық зерттеу 
әдістерін, алдыңға қатарлы тәжірибені пайдалануы қажет. 
Кешенді болу 
Талдау кешенді болуы шарт. Зерттеудің кешенділігі қызметтің 
барлық жақтарын, буындарын, кәсіпорын экономикасындағы 
себепті тәуелділіктерді жан-жақты зерттеуді қамтуды талап етеді. 


11 
Жүйелік тәсіл 
Талдауға қойылатын талаптың бірі жүйелік тәсілдемені
қамтамасыз етуі. Әрбір нысан бірқатар элементтерден тұратын 
белгілі бір тәсілмен өзара және сыртқы ортамен байланысқан 
күрделі серпінділік жүйе. Әрбір нысанды зерттеу ішкі және сыртқы 
байланыстарды, оның жекелеген элементтерінің өзара тәулділігі
мен өзара тәуелділігін ескеру арқылы жүзеге асырылуы керек. 
нақтылық, 
дәл, 
шынайылылық 
Шаруашылық қызметтің талдауы нақты, дәл, шынайы болуы керек. 
Ол шынайы шындықты нақты көрсететін, тексерілген, сенімді 
ақпараттармен негізделуі қажет. Бұл ішкі және сыртқы аудитті, 
сондай-ақ есептеулердің дәл және нақтылығын арттыру мақсатында 
талдау әдістемесін тұрақты жетілдіріп отыру қажеттігін көрсетеді. 
жүйелілік 
Талдау жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Осы 
талаптан 
кәсіпорындағы 
талдамалық 
жұмысты 
жоспарлау 
қажеттілігі, оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар мен 
бақылаушылар арасында бөлу керек болады. 
Оралымды болуы Талдау оралымды болуы қажет. Оралымдылық дегеніміз тез және 
нақты талдау жасау, басқарушылық шешім қабылдау. 
ашықтығы 
Талдауға кәсіпорын жұмыскерлерінің қатынасуы, бұл алдыңға 
қатарлы тәжірибені толық анықтауды және бар ішкі шаруашылық 
резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді. 
Тиімді болуы 
Талдау тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге жұмсалатын 
шығындар бірнеше есе көп түсім беруі керек. 
әрекеттілік 
Өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру үшін талдау нәтижелерін 
тәжірибелік мақсаттарға қолдану 
үнемділік 
Талдаумен байланысты шығындар оны жүзеге асыру нәтижесінде 
алынатын экономикалық әсерден едәуір аз болуы керек 
Осылайша талдаудың негізгі қағидалары ғылыми негіздеу, кешенділік, 
жүйелілік, нысандық, дәлдік, сенімділік, оралымдылық, демократиялық, 
тиімділік болып табылады. Осы қағидалар кез келген деңгейдегі 
шаруашылық қызметті талдауда жетекшілік ету қажет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет