Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет9/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
Бақылау сұрақтары 
1. Экономикалық талдау дегеніміз не? 
2. Макро- мен микроэкономикалық талдаудың айрмашылығы қандай? 
3. Кәсіпорында басқару және оның қызметінің тиімділігін арттыруда 
талдаудың рөлі қандай? Қазіргі кезде оның өсуінің себебі не? 
4. Шаруашылық қызметті талдау міндеттері қандай? 
5. Ғылым ретінде шаруашылық қызметті талдау мазмұны қандай? 
6. Шаруашылық қызметті талдау пәні мен нысаны не? 
7. Шаруашылық қызметті талдау жіктемесінің негізгі түрлерін атаңыз
8. Талдаудың қай түрінің мәні жоғары: өткенді шолу немесе болашақты
ма; оралымды немесе қорытынды ма? 
9. Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі қағидаларын атаңыз және 
қысқаша сипаттама беріңіз.
10. Шаруашылық қызметті талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
қалай көрінеді? 


18 
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТТАРДЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ 
 
2.1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ САЛЫСТЫРУ ТӘСІЛІ 
Салыстыру танымның ғылыми тәсілдерінің бірі ретінде ШҚТ-да неғұр-
лым кеңінен қолданылады. Оның мәні біртекті нысандарды салыстыруда ол-
дардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Салыстыру 
тәсілінің көмегі арқылы экономикалық құбылыстағы жалпы ұқсастығы 
немесе олардың ерекшеліктері анықталады, зерттелетін нысанның 
деңгейіндегі өзгерістер анықталады, олардың дамуының заңдылықтары мен 
үрдістері зерттеледі. Оның маңыздылығын көрсете отырып, «Барлығы салы-
стырғанда ғана танылады» деген мәтелді келтіруге болады. 
Экономикалық ақпараттарды өңдеу 
тәсілдерін 
топтау 
келесі 
2.1.1.суретте көрсетілген.
Олардың арасында дәстүрлі (логикалық) әдістер, факторлық талдау 
әдістері және экономикалық міндеттерді шешуді оңтайландыру әдістері бар, 
олардың өзіндік қолдану ерекшеліктері бар (2.1.1-кесте). 
Экономикалық талдауда салыстыру әдісін қолдану келесі жағдайларда 
қолданылады: 
1.Нақты қол жеткізілген нәтижелерді өткен кезеңнің мәліметтерімен 
салыстыру. Бұл жерде бүгінгі күннің нәтижесі кешегі, ағымдағы айдағы, 
тоқсандағы, өткен жылдағы мәліметтермен салыстырылады. Бұл зерттелетін 
көрсеткіштердің 
өзгеру 
қарқынын 
бағалауға 
және 
экономикалық 
үдерістердің даму заңдылықтарымен үрдістерін анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет