Біріншіден, кез келген ғылыми мәселені шешу үшін бір емес, бірнеше әдістер
қолданылады және зерттеуші оларды зерттеп отырған құбылыстың
табиғатына сәйкестендіреді. Екіншіден, зерттеу әдісі зерттеу пәні мен зерттеу
барысында алынатын өнімге адекватты болуы қажет.
Зерттеу әдістері эмпирикалық (тікелей аудармасы сезім органдарымен
қабылдау) және теориялық болып бөлінеді. Эмпирикалық
зерттеу әдістерін
В.И.Загвязинский екі топқа бөледі:
1. Жеке әдістер. Оларға жататындар: әдебиеттерді, құжаттарды және
іс-әрекет
нәтижелерін зерттеу, бақылау, сауал-сұрақ (әңгімелесу, интервью
алу, сауалнама), эксперттік бағалау әдісі, тестілеу.
2. Бір немесе бірнеше жеке әдістерді
қолдану негізіндегі кешенді
әдістер: мониторинг, педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорыту,
педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің теориялық әдістері:
теориялық анализ және синтез,
абстрактілеу және нақтылау, аналогия, модельдеу.
Зерттеудің әр әдісіне жеке сипаттама берейік.
Зерттеудің теориялық әдістеріне анализ және синтез, абстрактілеу және
нақтылау, аналогия, модельдеу жатады.
Анализ және синтез
жалпы алғанда ғылыми тануды дамыту амалдары
болып табылады. Анализ және синтез бүтінді
ойша бөліктерге бөлу және
керісінше бөліктерді біріктіру процесі. Олар өзара шарттасқан процестер.
Оларды бір-біріне қарсы қоюға, бір-бірінен бөліп алуға және біреуін артық
бағалауға болмайды.
Педагогикалық құбылыстарды және процестерді анализдеу –
оларды
ойша жеке-жеке бөліктерге бөлу болып табылады. Ол зерттеу объектісінің
құрылымын, дамуының әр түрлі кезеңдерін, әр қырларын көруге мүмкіндік
береді.
Аналитикалық
іс-әрекет
барысында
абстракция,
салыстыру
қолданылады. Бұл жағдайда тану күрделіден қарапайымға қарай жүреді.
Анализ
маңыздыны маңызды еместен, тұрақты қатынастарды тұрақты емес
қатынастардан бөліп қаруға, ажыратуға мүмкіндік береді.
Педагогикалық зерттеулерде анализ әр түрлі формаларда болады:
жіктеу, қатынастар анализі, каузалдық және диалектикалық.
Жіктеу анализі ең қарапайым болып табылады. Ол зерттеудің бірінші,
бастапқы кезеңінде қолданылады және құбылыстарды ұқсастық және
қайталаушылық негізінде реттеуге және жіктеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: