Болжамның (гипотеза) екі түрі болуы мүмкін:
Біріншісі, суреттемелі болжам
– онда зерттеудің себептері мен мүмкін
болатын салдары суреттеледі.
Екіншісі, түсіндірмелі болжам
- онда белгілі бір себептердің мүмкін
болатын болжамдары түсіндіріледі, сондай-ақ міндетті түрде көрініс беретін
шарттар сипатталады. Яғни, мұнда қандай факторлар мен шарттар болатыны
түсіндіріледі.
Зерттеуші өз жұмысының қорытындысында
қандай әдістерді
қолданатынын да ойластыруы керек. Зерттеу нәтижелерін тұжырымдап
педагогикалық процестің белгілі бір қырларын жетілдіруі жөніндегі
ұсыныстарды жасағанда әдістерді анықтаудың маңызы зор. Көп жағдайда
тәжірибе мәліметтерін теориялық тұжырымдау және үдерісті
одан әрі
жетілдіруді болжау әдістері араластыра қолданылады. Сөйтіп зерттеу
әдістерін таңдай ғалымның іс-әрекетіндегі жай ғана жұмыс тәсілін емес,
шешілуге тиісті міндеттер мен мәселелердің мазмұнын,
зерттеушінің
мүмкіндіктерін анықтап, жинақтап барып таңдалатын ерекшелік болып
табылады. Осыған орай педагогика ғылымында бар әдістерді пайдалана
беру тиімді еместігін, оның ішінен нақты
зерттеу жұмысына қолайлы
әдістерді пайдаланғанда ғана алға қойылған міндетті шешуге болады.
Зерттеу әдістерін таңдап алғаннан кейін зерттеудің заты мен мәселесін
нақты оқып–үйрену міндеті қойылады. Яғни, алға қойылған міндеттерді
таңдап алған әдістер деңгейінде шешу қажет болады. Көбінесе бұл жұмыс
мәселені теориялық талдаудан басталады. Бұл ретте ең алдымен мәселені
әдістемелік негіздеу және логикалық тарихи талдау міндетін жүзеге асыру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: