Шариғат, Тариғат, Марифат, Ақихат осы төрт басқышты меңгергеннен соң тасауфта (рухани тазалық) бас қосады.
Шариғат та, Тариғат та, Ақихат та, Мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен.
Шындыққа апаратын бірден бір жол ғылым болып табылады.
Алғаш шариғаттың барлық талаптарын мұқият орындап, екінші басқыш тариғатқа
көтеріліп өздері пір тұтқан ұстазына қол ұстатады. Осы сенімге ие болғандар, үшінші басқыш
марифатқа көтеріледі, мұнда сопылық сенім кеңістігін оймен емес жүрекпен сезіну керектігін
«сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық рәушан болып түседі» деген
Абай ақихатқа табан тірейді. Ақихатқа жету сопылық ілімінде пенделіктен өтіп Аллаға
жақындау болып табылады.
Қоғамдағы қай көрініс болсын әдебиетте өз бейнесін бермей тұрмайтындығы белгілі. Баба Кухи (- 1050), Әбділмажид Санои (- 1150) т.б. Орталық Азияда сопылық әдебиеттің негізін салса, Жүсіп Хамадани мектебінің жалғастырушысы, сопылық ілімді қалыптастырушы Ахмед Яссауи болды. Сопылық әдебиет тек дін мәселесімен шектелмей
адам баласының өмір сүру құлқы туралы яғни адам деген атқа ие болу үшін неге мән беру керек
немесе қандай жат әдеттен сақтану керек мәселесі бірінші тұрады. Ахмед Ясауи өз хикметінде баса айтылатын ел басқаратын биліктің құлқы туралы, нәпсіні тыйу, ел байлығын көздің қарашығындай сақтау,адал өмір сүру «инсанияттың кәмәлаттығы» (Абай) туралы айтылады.
Иасаудің мұратын тікелей жалғастырушы Сүлеймен Бақырғани сопылықтың ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмед Иасауидің тарихат ілімін жалғастырушы шәкірті болып
танылған. Халық арасында «Хакім Ата» атымен белгілі. Бұл атауды өзінің ұстазы Қожа Ахмед
Иасауи берген. Шығармашылығында исламды, шариғат ережелері арқылы адамдарды о
дүниенің бар екеніне сенуге, тариқат Алланың кереметін сезінуге және ол толық адамды
тәрбиелеуге, марифат арқылы Алланы тану және оған үнемі тәу етуге шақырды.
Бақырғани қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік және ұрпақтар үшін жауапты
кісілерді тірідегі іс-әрекеттің есебі о дүниеде екенін Абай: «Махшарға барғанда құдайтағала
қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді» - деп, 35-қара сөзінде
ұмытпауға шақырады.
Сопылық дамыған кезде қаламгерлердің шығармаларында пантеизм (Алла мен
табиғатты бірге қарастырушылар) философиялық ілімі байқалады. Әсіресе, Шығыстың біртуар
ақындары Аттар мен Руми өлеңдеріндегі, Нақышбанди мен Ансари жазғандарындағы
пантеистік көзқарастар Жәми, Науаи еңбектерінде де көрініс берген.